ДИКТОР: Президент ерекше қажеттілігі бар балалардың толыққанды білім алуына мүмкіндік жасау – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы ретте жыл соңына дейін ерекше қажеттіліктері бар балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірленбек.
РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен құрылтайда ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау мәселесін көтерді. Соңғы екі жылда еліміздің бірқатар қалаларында заманауи оңалту орталықтары ашылды. Енді 2026 жылдың соңына дейін дәл осындай орталық Көкшетау қаласында да бой көтермек. Үкімет пен әкімдер бұл мәселені дереу шешуге кірісуі тиіс. Әр облыс орталығында ерекше балаларға арналған арнайы нысандар болуы керек,-деді Президент.
СНХ: ЕДІЛ ОСПАН ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы мақсатта сенат депутаттарымен бірлесіп, мүдделі мемлекеттік органдардың және сала мамандарының қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді қолдау көрсету жөнінде заң жобасы әзірленуде. Жаңа заң жобасында балалардың мүгедектігін алдын алу мақсатында ертең қолдау жүйесін және ведомсвтоаралық іс-қимылдың кеш енді тәсілдерін іске қосу қарастырылуда.
РКС: Бүгінде облыс бойынша ерекше білім беру қажеттілігі туындаған 14 мыңға жуық бала бар. Өңірде олардың тиісті білім алуына, сондай-ақ психологиялық және медициналық тұрғыдан қолдау көрсетіп, кеңес беретін арнайы 5 мектеп-интернат, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация бар. Сондай-ақ 20 психологиялық-педагогикалық түзету және инклюзивті 84 кабинет жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы да инклюзивті 30 кабинет ашу жоспарланған.
СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрине, жыл сайын осы қатардағы балалар саны артып келеді. Нозология бойынша тоқталатын болса, 40 пайыздан астамы сөйлеу қабілетінде тежеуі бар балалар. Ал 34 пайыздан астамы ол психикалық дамуында ерекшеліктері бар балалар, 13 пайыздан астамы ақыл-есі төмен балалар. Сонымен қатар, мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып келеді. Сондықтан да біз жоспарымыз бойынша 112 кабинетке дейін жеткізу бар. Кәсіптік-техникалық білім беретін колледждерде де арнайы бөлімдері бар. Көкшетау қаласында Құрылыс колледжі, Жоғары техникалық колледжінде арнайы бөлімдерде бүгінгі күні 56 бала жұмысшы мамндығын алуда. Сонымен қатар, біздің Көкшетау қаласында 280 орынға арналған осы 2025 жылдың аяғына дейін ске қосылады жеп жоспарлануда.
РКС: Сондай-ақ, мемлекет басшысы ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында білім ошақтарындағы орын тапшылығын жою мен үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік берген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының нәтижелерімен бөлісіп, алдағы жоспарларды жариялады. Бұл жоба аясында Ақмола облысы еліміз бойынша бірінші болып құрылыс жұмыстарын аяқтап, 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтарын ашты. Биыл ел көлемінде 500 мың оқушыға арналған 200-ден астам мектеп салу жоспарда бар. Алайда Мемлекет басшысы мектеп салуда тек осы жобаға сүйеніп қалмау керектігін атап өтті. «Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары», – деді Президент. Осы ретте өңірде 2027 жылға дейін кешенді жөндеуді қажет ететін 90 мектепті жаңғырту жоспарланып отыр.
СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әрине ол енді Президенттің тікелей тапсырмасы болды ғой. Бізде басқа да мектептерге күрделі жұмыстарды жүргізіп, оларды да жаңғырту жұмыстары жалғасып келе жатыр. Жалпы 2027 аяғына дейін 90 мектепті жаңғырту, күрделі жөнжеу жұмыстарын жүргізіп, жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған. Соның ішінде 2025 жылдың аяғына дейін 20 мектепті жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта да осы жұмыстар жалғасатын болады.
РКС: Білім беру жүйесін дамыту мен инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған бұл бастамалар елдің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігіне айналып отыр. Қабылданатын шаралар әр баланың сапалы білім алуына және қауіпсіз ортада өсуіне мүмкіндік бермек.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ