ДИКТОР: Индустриялды сектор өңір экономикасын дамытудың басым бағытының бірі. Былтыр 200-ге жуық индустриялды жоба іске асырылды. Сондай-ақ, биыл астықты терең өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарланған.
РКС: «Aqmola» индустриялды аймағы елордалық агломерация аймағында орналасқан. Ол өңірдің экономикалық дамуында және инвестициялар тартуда шешуші роль атқарады.
СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағын құрдық. Бастапқыда аумағы 300 еді, қазір 800 гектарға дейін ұлғайтпақпыз. Болашақта мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Далиан Хешенг компаниясы астықты терең өңдеу зауытын салмақшы. Бұл басым жобалардың бірі. Инвестиция көлемі шамамен 650 миллион АҚШ доллары. Сондай-ақ, мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ.
РКС: Миллион тоннадан астам бидай өңдеу жоспарлануда. Нәтижесінде өңірде жоғары құнды өнімдерді, яғни натрий глутамат өндіріледі. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінде, сондай-ақ Қытайда қолданылатын органикалық тағамдық қоспа.
СНХ: БАҚЫТЖАН САПАР, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көкшетауда майлы дақылдарды өңдейтін май-сығынды зауытын салу жобасы да жоспарланған. Инвестиция көлемі шамамен 150 миллион АҚШ доллары. Зауытта шамамен 300-350 жұмыс орны пайда болмақ. Зауыт Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын болуы тиіс. Қазірдің өзінде Dalian компаниясымен келіссөз жүргізілуде. Компания техникалық-экономикалық негіздемеге, бизнес-жоспарға ақша салды.
РКС: Алдағы уақытта өңір инвестициялар тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастырады. Жоспарда 30-дан астам жобаны іске қосу жоспарда бар. Нәтижесінде 3 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.