ДИКТОР: Көкшетауда Наурыз мерекесін тойлау мәселесі қала әкімінің қатысуымен өткен жиында талқыланды. Мерекедегі басты шаралардың бірі "Киелі кимешек" шеруі болады. Оған түрлі этностардың 2 мыңнан астам өкілі, көп балалы аналар, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әйелдер қатысады.
РКС: Шеруді Қазақстанның рекордтар кітабына енгізу жоспарланып отыр. Салтанат сарайы ғимаратының жанынан бастау алатын бұл шеру, Темірбеков көшесінің бойымен жүріп өтіп, Әуезов көшесіндегі Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына дейін ұласады. 19 наурызда қаланың мерекелік безендірілуі бойынша жұмыстар толығымен аяқталады. Жиында ұлттық киімді насихаттауға ерекше назар аударылды.
СНХ: АЙГҮЛ НӨГЕРТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ұлттық құрылтай отырысында Президент: "Бет жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық.Әсіресе әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім, бұл- біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек" деген еді. айтқан Сондықтан Наурыз мерекесі кезінде алғаш рет кимешек киген әйелдер шеруі ұйымдастырылмақ. Оның мақсаты ұлттық киімді дәріптеу екенін де атап өткен жөн.
РКС: Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің жасалған маңызды жұмыстары да баса назарға алынды. Қала әкімі оның мүшелеріне қоғамдық өмірді дамытуға қосқан үлесі және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
СНХ: ДАСТАН ӘКІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қоғамдық кеңес денсаулық сақтау және міндетті медициналық сақтандыру саласындағы маңызды мәселелерді көтере отырып, депутаттық корпуспен және қала тұрғындарымен белсенді өзара қарым-қатынас жасайды. Атап айтсам, прокуратура мен экология департаментіне ұсыныстар жіберілді. Өз сөзімді аяқтай отырып, Қоғамдық кеңес мүшелеріне қаламыздың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
РКС: Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелерін қаланың игілігі үшін қосқан үлесі мен жемісті қызметі үшін марапаттау өтті.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ