ДИКТОР: Биыл Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 60 отбасы тұрғын үй-коммуналдық көмекке жүгінген. Осылайша, 45 адам коммуналдық қызметтердің бір бөлігін төлеуге арналған өтемақы алды. Оның артықшылығы-бекітілген өлшемі жоқ.

РКС: Тұрғын үй көмегіне өтінімді мақұлдаған азаматтарға коммуналдық қызметтердің шығындары өтеледі. Оған электр энергиясы, газ, қоқыс шығару, суық және ыстық су, жылу, кәріз қызметтерін тұтыну кіреді.Жалғыз баспанасы ғана бар аз қамтылған азаматтар мемлекеттік қолдауды ала алады. Яғни, коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындары шекті-белгіленген үлесінен асып кеткен жағдайда. Сондай-ақ, жәрдемнің бұл түрін алушы тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті.

СНХ: ҚАЛАМҚАС ҚҰЛШЫМАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бұл қызметті алу үшін өткен тоқсандағы төлем туралы түбіртек қажет. Қазір біз өтінімдерді қазан, қараша, желтоқсан айлары бойынша қабылдап жатырмыз. Сәуір айында біз қаңтар, ақпан және наурыз айларына өтінімдерді қабылдай бастаймыз. Сондай-ақ, отбасы құрамына байланысты өткен тоқсандағы кірістер туралы ақпарат қажет, бұл зейнетақы, жалақы туралы ақпарат

РКС: Тұрғын үй көмегі ғаламторға, бейнебақылауға, кіреберістерді тазалауға және кабельдік теледидарға қолданылмайды. Қарыздар мен нақты төлемдер емес, тек ағымдағы шығындар ғана өтеледі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ