ДИКТОР: Бүгін – қырғыздарда ақ қалпақ күні тойланып жатыр. Ұлттық нышанды танытатын айыр қалпақ Қырғызстанда ең құрметті адамға тарту етіледі. Оны балалардан бастап қарттарға дейін киеді. Қырғыздардың айтуынша, ұлттық бас киім қыста суық, жазда ыстық өткізбейтіндігімен ерекшеленеді. Жалпы бұл мереке мұнда 2011 жылдан бері аталып өтілуде. Қырғыздардың ұлттық бас киімі – ақ қалпақтың құрметіне арналған мереке. Ұлттық бас киімнің маңыздылығын сақтауды меңзейді.

РКС: Іс-шараға барлық жастағы азаматтар қатысты. Көкшетау қаласында өткен іс-шараға өңірді мекен етіп жатқан қырғыз халқы өкілдері қатысқан. Олар аталған шара қырғыз халқының ақ көңілділігі мен тазалығын білідертін айта келіп, жыл сайын тойланып отырған ұлттық мерекенің мерейін арттыра түсті.

СНХ: МЭЭРИМ ЖАҚЫПОВА, ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ: Біз бүгін «Ақ қалпақ» мейрамын атап өтіп жатырмыз. Мен кішкен ақ қалпақтың мағынасын ашып кетсем, біздің ақ қалпағымыз ақ киізден жасалады. Оның формасы қырғыз ұлтымыздың биіктігі, әдемілігі,тазалығын, сондай-ақ ар-намысын көрсетіп тұрады. Ондағы ақ қалпатағы ою-өрнектеріміз бұл біздің қырғыздың мықты-мықты қырғыздың тарихтары нақышталған. Осындай мейрамды 2016 жылдан бері мейрамдар қатарында белгілеп атап келеміз.Бұны біздің белгілі режиссерымыз, қырғыздың еңбек сіңірген режиссеры, Рысбек Жабировтың тарапынан негізделіп 2016 жылдан бері бұл мейрамды ұлттық мейрамдар қатарында атап өтіп келеміз. Осындағы этно-қырғыз диспорамыз қырғыздар, бүгінгі мейрамды белгілеп жылдағыдай, өзгеше концерттік программада ұйымдастырып жатырмыз.

РКС: Қырғыздың ақ қалпағын ұлы бас киім ретінде сақтап, өскелең ұрпақтың салт-дәстүрге деген сезімдерін ояту-дейді шараға қатысушылар. Қоғамдық келісім сарайында өткізілген шара барысында қырғыз халқының әнінен, биінен де,жырынан да көрерменге шашу шашылды. Қырғыздың халық әндерін орындаушылардан құралған қыз-жігіттер әндерімен жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 ИНТЕРШУМ:

СНХ: ТЫНЧТЫКБЕК ҚАНБЕК УУЛУ, ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ: «Ақ қалпақ» мейрамы Қырғыз Республикасындағы атаулы біздің ұлттық бас киім сыйлау және де біздің мәдениетке қосқан үлесі, осы күнге дейіңгі біздің салтымызды, мәдениетімізді сақтау ретінде біздің ағамыз Рысбек Жабировтың демеушілігімен іске асып 2011 жылдың 5 мартынан бастап мерекеленіп келеді. Ақ қалпақ бұл әрбір қырғыздың басында ұлы бас киім есебінде сақталып және сондай-ақ осындағы жастардың келешекке сый-құрметі, мәдениетке деген сезімдерін ояту мақсатында өткізілген.Бүгінгі күнге дейін мерекеленіп келе жатыр. Осының құрметіне бүгінгі этно «Манас» қырғыз бірлестігімен бірлесіп осы іс-шараны өткізіп жатырмыз.

СНХ: ЗАКИРДИН ЖОРОБЕКОВ, «МАНАС» ЭТНО-МӘДЕНИ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ақмола облыстық «Манас» орталық бірлестігі 2001 жылдың 1 сентябрінен ұйымдастырылған.2001 жылдан міне 2025 жылға дейін әр жыл сайын 5 мартта болатын «Ақ қалпақ» мерекесіне орай осындай іс-шаралар өткізіп келеміз. Бұл іс-шараны өткізіп отырған себебіміз елдің бірлігі, алыста жүрген қырғыз ұлтының ескі әдет-ғұрыптарын сақтап қалу. Бұл бас киімнің қасиетін білу. Сол үшін ұйымдастырып өткіземіз. Бұл бас киімнің «Ақ қалпақ» деп өткізген себебіміз , тек ақ қалпақты кию ғана емес, ақ таза киізден жасалған бас киім. Бұл ұлттың символы болып саналады.Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз сол символды біліп, оюларындағы әрбір тарихын түсінуді білуге ұйымдастырыпкеле жатырмыз.

РКС: Айта кетейік,бұл бауырлас елдің ұлттық бас киімге деген құрметі, ұлттық тарихқа, санаға, болмысқа деген ерен махаббаты болса керек. Аталған мереке қарсаңында "Манас" эпосынан үзінділер орындалды.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ