ДИКТОР: Көкшетауда тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды. Оның жұмысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға ғана емес, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға киімдерді арзан бағамен сатуға және тегін таратып беруге бағытталған.

РКС: Өңірде «Ашық жүрек» қайырымдылық қоры аясында «Рахмет» әлеуметтік қолдау орталығы бар. Қорда бірнеше жыл бойы жұмыс істеген Нелли Муркаева былтыр желтоқсан айында өзінің қайырымдылық дүкенін ашты.

СНХ: НЕЛЛИ МУРКАЕВА, ДҮКЕН ИЕСІ: Біз демалыссыз жұмыс істейміз, жексенбі күндері 3-ке дейін. Егер адамдар заттарды әкелсе, түбіртек жазып беремін, затты бағалаймын және ол сатылғаннан кейін ақшасын беремін. Кейбіреулер заттарын тегін таратып беруді өтінеді. Қазір мүмкіндігінше екі отбасына көмектесуге тырысып жүрмін. Оларға азық-түлік сатып аламын. Таныстарым өте көп. Көпшілігі заттарды тегін алып келеді. Адамға жақсылық жасасаң, ол жақсылықпен оралады.

РКС: Нелли Муркаеваның дүкеніне әкелінген заттар қалада ғана сатылмайды. Сондай-ақ Есіл, Еленовка мен Тайыншадан келетін волонтерлер жиналған заттарды алып, өз елдімекендеріндегі мұқтаж адамдарға тегін таратып береді.

СНХ: ӘСИЯ МЫРЗАГЕЛДИНА, САТЫП АЛУШЫ: Бұл дүкен жақында ғана ашылды. Неллиді жаздан бері танимын. Адамдар заттарды тегін тарату үшін де әкеледі. Бағалары өте қолайлы. Осы дүкенге көпбалалы, мұқтаж адамдар көп келеді. Бағалар қол жетімді. Керек емес заттарды, киімдерді алып келіңіздер. Нелли өте жанашыр адам. Біреуге пайда әкелуден гөрі өмірде жақсылық жасау маңызды.

РКС: Осындай бастамалар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ аймақтағы қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетіні сөзсіз.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.