ДИКТОР: Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Щучинск қаласының екі тұрғынына қатысты үкім шығарды. Оларға патронаттық тәрбиеге алған балаларды азаптап, өлтірді деген айып тағылды. Сот процесі кәмелетке жасы толмаған жәбірленушілердің қатысуымен, сондай-ақ олардың қамқоршылық мәселелеріне қатысты өткен соң жабық режимде өтті. Сот шешімімен әйелдер кінәлі деп танылды.

РКС: Сот талқылауы барысында Щучинск қаласының 30 жастағы тұрғыны 2017 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бес балаға қамқоршылық рәсімдегені анықталды. Зейнеткер әйел мен оның қызы балаларға үнемі физикалық және психикалық қысым көрсетіп, ұрып-соғып тәрбиелеген. 1955 жылы туған зейнеткер балалардың бірін темірмен ұрып-соққан. Алған жарақаттардың салдарынан бала қайтыс болған. Кейін сотталушылар мәйітті үйдің ауласына көміп, қылмыстарын жасырған. Сотта адам өлтірді деп айыпталған әйел кінәсін мойындаған жоқ.

СНХ: ИБРАГИМ ӘЛКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақстан Республикасы Қылмыстық-Процессуалдық Кодексінің 387, 390, 393, 395, 398, 401-ші баптарын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық Кодекстің 58-ші бабы, 4-ші бөлігіне сәйкес жазаны ішінара қосу жолымен сот айыпкерді 21 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ оған педагогикалық қызмет пен кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

 РКС: Екінші сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, дәлелдемелерді бұрмалағаны және алаяқтық жасағаны үшін келтірілген материалдық залал мемлекет пайдасына өндірілілп алынды. Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ