ДИКТОР: Былтыр өңір басшысы бекіткен көктемдегі су тасқыны мен су басу қаупіне ұшыраған елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде Бұланды ауданының аумағында 23 учаске анықталған. Қазір бұл жұмыс толығымен аяқталды. Макинск қаласында арық жүйелерін тазарту, су бұру арналарын тереңдету және қорғаныш үйінді құрылғысын орнатуға қатысты жұмыстар атқарылды.
РКС: Ауданда су тасқынына қарсы шаралар әлі де жүргізіліп жатыр. Жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, жанар-жағар май, мотопомпалар, құтқару жабдықтары сатып алынған. 900 тонна инертті материал және құм салынған 10 мың қап дайындалды.
СНХ: ОРАЗ СМАҒҰЛОВ БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Су тасқынына қарсы штаб құрылды.Биылғы су тасқынына бөлінген қаражат 119,631 млн. теңге бөлінді.Ол 45 млн. теңге жолды күтіп ұстау үшін. Ал 34,791 млн. теңге керек-жарақ приобретать ету үшін,оған мотопомпа, станция,сосын оған тасқын су кездерінде халықтарды эвакурировать ететін пунктарды,кровать, постельное принадлежность, питания соларға жұмсалды. Ал енді 35,0 млн. теңге резервте район тарапынан ұстап отырмыз. Жарылғыш, взрывной работаға -4,840 млн. теңге қаражаты бөлінді.
РКС: Былтыр табиғи сипаттағы төтенше жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында аудан бойынша 114 үй салынды. Су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасына 97,5 млн.теңгеге баспана сатып алынды. Зардап шеккен 200-ден астам адамға мүлікке келтірілген залалын өтеуге 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын қаражат бөлінді. 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бірреттік жәрдемақы төленді. Иванковская елдімекені тұрғындарын хабарландыратын электросирена бар. Дәл осы елдімекен бөгетке ең жақын орналасқан.
СНХ: ОРАЗ СМАҒҰЛОВ БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ал Иванковская плотинасында 15 млн текше метрді су жиналатын да. Биылғы жылы Иванковскаядан қауіп болмайды. Өйткені тразитный режимде тұр. Қалған Прохоровка плотинасында қазіргі күрделі жұмыс жүргізіліп жатыр. Переходящий екі жылға. Ал обводной каналын аштық. 1,5 метр тереңдікте 6 метр ширинасымен.Сондықтан мен ойлаймын, жақын тұрған елді мекендерге зияны тимейді деп есептеймін.
РКС:Бұланды ауданына қарасты елді мекендерден қазіргі уақытта 85 текше метр қар шығарылды. Жергілікті атқарушы органның өкілі су тасқынының алдын алуға дайындық жоспарлы жүріп жатқанын жеткізді. Барлық шара су тасқынының ықтимал кезеңіндегі тәуекелдерді азайту және халықты қорғауға бағытталған.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ