ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылындағы «Балбөбек» балабақшасы биыл өзінің он жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде мектепке дейінгі мекеме жүздеген баланың екінші үйі және балғындар үшін нағыз өмір мектебі болды. Он жыл ішінде әр бала өзін жайлы және қауіпсіз сезінетін достық ұжымға айналды.

РКС: Бүгінде «Балбөбек» балабақшасында 30 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 8 тәрбиеші, музыка, сурет, хореография, шахмат үйірмелері мұғалімдер бар. Қызметкерлердің көпшілігі аталған балабақшада 6 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Бүлдіршіндер бұл балабақшаға 1,5 жастан қабылданады. Балабақшадан түлеп ұшқан балғындар қазір мектеп оқушылары.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖАНАР ХАСЕНОВА, «БАЛБӨБЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 10 жыл ішінде көптеген жетістіктер болды. Біздің барлық балаларымыз талантты екені сөзсіз. Біз балалармен Алматы қаласына барып, 8 медаль алып келдік. Павлодар қаласында түрлі сайыстарға қатысып, вокал, би бойынша жүлдегерміз. Біздің балаларымыз Қазақстанның көптеген қалаларында сапар шегіп, әрқашан марапаттармен оралады. Балаларымыздың жаңа білім алуға деген қызығушылығы мол. Балабақшамыздың тәрбиешілері жоғары білімді, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр. Балабақшамыздада шахмат, сурет салу, вокал, хореография сабақтары үйірмелері бар. Балаларымыз мектепке барып жоғары білімдерін көрсете біледі. Біз үлкен балабақша салуды армандаймыз. Оқыту деңгейі бойынша мемлекеттік балабақшаларға теңбіз. Бірақ үлкен ғимарат болса ғой, өйткені ата-аналар арасында балаларын біздің балабақшамызға беруге ниет білдіретіндер өте көп.

РКС: Балабақшаның он жылдығына орай «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Іс-шара мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыруда, сондай-ақ заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық құндылықтарды балалардың бойларына сіңіру және мирас болып қалған ұлттық құндылықтарды сақтап, қорғай білуге тәрбиелеу аясында ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ГҮЛЖАН КЕМЕЛОВА, ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Балбөбек» балабақшасының 10 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Ұстаздарға творчестволық табыстар тілеймін. «Балбөбек» балабақшасы өте өзімізге қатты ұнайды. Бүгінгі болып жатқан семинар отбасылық құндылықтар деп жатыр. Менің өз ойымша отбасылық құндылық дегені біріншіден отбасымыз аман болсын. Отбасыда ананың балаға деген тәрбиесі үйде айтып отыру керек. Ұлттық қазақи тәрбие беріліп отыру керек деп ойлаймын. 00:50 СКЛ 00:55 Тек жақсылық тілеймін. Бәрі жақсы болсын!

РКС: Алда - жаңа жетістіктер, тәрбиеленушілер және шағын жеңістер. Балабақша өзінің мерейтойын өткенге деген мақтанышпен және болашаққа деген сенімділікпен қарсы алды

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ