ДИКТОР: Егіндікөл ауданы су басу қаупі төмен саналатын аймақ. Десе де сақтықта қорлық жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алуға дайындық жаз айларында-ақ басталып кеткен. Жауапты тұлғалар 20-ға тарта іс-шара өткізді.
РКС: Егіндікөл ауданының аумағы арқылы өтетін өзен жоқ. Тек көлдер мен жасанды су қоймалары бар. Сондықтан тасқын болады дейтіндей қауіп жоқ. Елді мекендерден қар шығаруға, қаптар, жанар-жағармай, құрғақ азық-түлік сатып алуға аудандық бюджеттен 24,5 млн.теңге бөлінді.
СНХ: ЕРІК ЖИЕНБЕКОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Күзде төтенше жағдайларды жоюға қажетті техникалар мен құрылғылар әкімдіктен аудандық төтенше жағдайлар бөліміне берілді. Квадрокоптер, Kenwood маркалы 2 радиостанция, PANTUM маркалы 2 принтер, 5 құтқару кеудешесін және 5 құтқару шеңберін тапсырдық. Сонымен бірге 2 мың дана қап пен 5 мың литрден астам жанар-жағармай сатып алынды.
РКС: Аталған іс-шараларды өткізуге ұйымдар мен кәсіпорындардан азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары тартылған. 25 адам мен 12 техника әлдебір жағдай орын ала қалса дайын. Еріген суды соруға қатысты меморандумдарға қол қойылды. 5 мотопомпа жұмысқа дайын. 25 ақпаннан бастап қаптарды дайындау жұмыстары басталды. «Көктемге дайындық» айлығы аясында ақпанның 15-і мен наурыздың 15-і аралығында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру және халықтың барлық тобын су тасқыны, су басу жағдайларында әрекет етуге үйретуге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ