ДИКТОР: Былтыр елімізге 12 миллионға жуық адам демалуға келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Еліміздің халықаралық рейтингтегі орны нығайып, 80-ші орыннан 52-ші орынға көтерілді. Бірегей табиғи ландшафттары мен дамыған туристік инфрақұрылымы бар Ақмола облысы отандық және шетелдік туристерді тарту жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекет басшысы Щучье-Бурабай курорттық аймағының табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері құнды қазына екенін атап өтті.
РКС: Облыс аумағында төрт курорттық аймақ бар, оларда жыл сайын жаңа қонақ үйлер мен демалыс орталықтары салынып, инфрақұрылым мен белсенді демалу үшін мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінде облыста 650-ден аса туристік нысан, оның ішінде 389 жатын орынмен, сондай-ақ 15 санаторлық-курорттық орын бар. Мұндай шаралар туристерді көптеп тартуға септігін тигізеді,- дейді мамандар.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің демалыс орындарына келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 1 миллионға жуық турист келген. Биыл шамамен 1 млн 200 мың адамға жеткізуді көздеп отырмыз. Демалушыларды орналастыру орнымен туристік қызмет көрсететін нысандардың көлемі туралы айтатын болсам бұл көрсеткіш те жыл сайын артып келеді. Туристердің облысқа қалдырған ақшасы 23 млрд теңге көлемінде.
РКС: Мемлекет басшысы туризм жаһандық экономиканың серпінді дамуының катализаторы болып табылатынын және бұл салаға инвесторларды тарту жұмыстарын бәсеңдетпеу қажеттігін атап өтті. 2024 жылы облысқа 21,3 млрд теңге инвестиция құйылды. Оның 9,1 миллиарды бюджет қаражаты болса, оның 12,2 миллиарды жеке инвестициялар есебінен.
СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысына инвесторларды тарту тиімді. Соңғы уақытта инвестициялардың, әсіресе жеке инвестициялардың саны жыл сайын артып келеді. Жеке инвестиция дегеніміз бұл өз қаражатын туристік жобаларды жүзеге асыруға салатын инвесторлар. 2024 жылдың соңына қарай бізде ерекше жобалар болды. 4 демалыс орны ашылды. Атыраулық инвесторлар Бурабайға демалуға келіп, оларға ұнаған соң инвестиция салуды ұйғарды. 1,5 жылда жақсы заманауи демалыс орнын салып берді.
РКС: Сондай-ақ облыста халықаралық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келетін үш желілік қонақ үй салынуда. Маусым айынан бастап Бурабай курорттық аймағында тікұшақпен экскурциялық турлар басталады. Сондай-ақ Астана-Бурабай бағыты бойынша ішкі рейстерді ашу мүмкіндігі қарастырылуда, бұл өңірдің туризмін одан әрі нығайтатын болады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.