ДИКТОР: Ақмола облысында 15 млрд. теңгеге жуық заңсыз шығын жұмсалған. Олардың қатарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтамау, бюджет қаражатын негізсіз аудару, бухгалтерлік есептегі қателіктер мен жалақы есептеудегі сәйкессіздіктер жатады. Қаржылық тәртіпті күшейтуге қатысты нақты шаралар қабылданды. Бір жыл ішінде облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті 84 аудиторлық шара өткізді.

РКС: Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджеттік қаражатының тиімді және мақсатты игерілуін қамтамасыз етуге қатысты ауқымды жұмыс жүргізуде. Жиі кездесетін заңсыздықтың бірі - мердігерлерге атқарылған жұмыстар туралы актісіз қаражат аудару. Былтыр жүргізілген аудиторлық тексерістің қорытындысы бойынша заңсыздықтарды жоюға 76 нұсқама жіберілді.

СНХ:ШАРАП СӘДУАҚАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 1,5 млрд. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар; 7 млрд. 685 млн теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын 5,5 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 77 лауазымды тұлға тартылды. Жалпы 37,7 млн.теңге айыппұл сомасымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 432 хаттама жасалды. Ол 2024 жыл ішінде бюджет кірісіне толық өтелді.

РКС: Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік сатып алуды автоматтандыру деңгейін арттыруға баса назар аударылып келеді. Бұл өз кезегінде бәсекелестік ортаның қалыптасуына және бюджеттің ашық игерілуіне оң ықпалын тигізеді. Мамандар сыбайлас жемқорлық көріністерді адами факторды жою арқылы азайтуға болатынын айтады.

СНХ:ШАРАП СӘДУАҚАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Департамент камералық бақылаумен қамтылуға жататын 631 млрд. теңге сомасына 30 883 сатып алудан 30 350 мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы камералық бақылау жүргізді. Немесе жалпы қамту көлемі 98,2 процентті құрады. Департамент өткен жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 64,8 млрд. теңге сомасына хабарлама жіберді. Аудит объектілерінің алынған жауаптарына сәйкес 62,5 млрд. теңге сомасына 4389 хабарлама немесе жіберілген хабарламалардың жалпы санының 99,1 процент орындалды.

РКС: Мамандар қаңтар айынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң күшіне енгенін еске салады. Заңнаманың оң өзгерісінің мысалы ретінде Зеренді ауылында спорт мектебінің құрылысына өткізілген тендерді атауға болады. Мәселен, 1,7 млрд теңгеге сатып алу рәсімі небәрі 8 жұмыс күні ішінде аяқталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ