ДИКТОР: Щучинск қаласында «Burabai 25» шаңғы фестивалі өтті. Биыл да әдеттегідей Қазақстанның әр өңірінен, атап айтқанда Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Астана және Көкшетау қалаларынан спортты жанына серік еткендер жиналды. Спорттық шараға 100-ден астам қатысты.
РКС: Биыл «Burabai 25» фестивалі 26-шы рет өткізілуде. Мұнда салауатты өмір салтын ұнататындар мен шаңғы әуесқойлары жиналды. Олардың барлығы Қазақстанның түкпір-түкпірінен шаңғы фестивалін тамашалау үшін арнайы келген.
СНХ: РОМАН КАЗИМИРЧИК, ФЕСТИВАЛЬДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Біз жыл сайын осындай мереке күндері шаңғы әуесқойлары үшін фестиваль өткіземіз. Оған балалардан бастап ардагерлерге дейін түрлі жастағы адамдар қатыса алады. Негізгі мақсатымыз – ұлтты сауықтыру. Шаңғы спортына деген сүйіспеншілікті ояту, мұнда отбасылық сайыстарға да қатысушылар келеді.
РКС: Жарысты жоғары санатты ұлттық төреші Наталья Клименко бастаған төрешілер алқасы басқарды. Жарыстың ережесі бойынша 1500 метр қашықтықты бағындыру керек. Шаңғымен жүріп өту стилі еркін. Жеңімпаздар жеті жас ерекшелігі бойынша анықталды.
СНХ: ҚАЛИБЕК ӘБІЛОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Бұл фестивальге 2004-тен бастап қатысып жүрмін. Өте жақсы. Бүгін ауа -райы да тамаша Бурабайда. Өзім қатысушымын. Жыл сайын қатысамын осы сайысқа. Ең біріншіден қатысып жүрген жастарға үлгі болу. Содан соң салауатты өмір салтын ұстану. Ең бірінші мақсатым сол.
РКС: Жарыс қорытындысы бойынша әр жас ерекшелігі бойынша жасақталған топ медальдармен және дипломдармен марапатталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ