ДИКТОР: Алғыс айту күні облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Алғыс – асыл қазына» атты концерттік бағдарлама өтті.
РКС: Бұл концерттің ерекшелігі - «Көкшетау» мәдениет сарайындағы түрлі үйірмелерге қатысатын шәкірттер Қазақстанды мекендеген этнос өкілдерінің өнерін көпшілік көрерменге ұсынды. Құйқылжыта ән шырқап, мың бұрала би биледі.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Өнерпаздардың бәрі шетінен өнерлі. Залдағы көрермен де қошеметін аяған жоқ. Концертке келген өнерсүйер қауым ерекше әсер алғанын жасырмады.
СНХ: ТОЛҚЫН ЫБЫРАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі концертке арнайы шақырумен келіп отырмыз. Ұйымдастырушыларға, көп рахмет. Бүінгі оразаның алғашқы күнінде біраз демалып, сергіп қалдық.
РКС: Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген ізгілік пен мейірімділіктің мерекесі жақсылықты жақсылықпен қайтаруға жетелейді. 100-ден астам ұлт пен ұлысты ұйыстырып отырған Қазақстан атты қара шаңырақта бейбітшілік пен келісім салтанат құрған.
ИНТЕРШУМ:
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ