ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын. 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында "AMANAT" партиясы Ақмола облыстық филиалы әйелдер қанаты "Qolqanat" партиялық жобасы аясында «Әйелдер көшбасшылығы-тең мүмкіндіктер» атты әйелдер форумы өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Түрлі санаттағы әйелдер мен аналардың алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және осы жобаны қолдау желісін құру үшін алаң жасақталған. Сондай-ақ, "ANA" әлеуметтік фотокөрме де қойылған. Іс-шараға мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы, көп балалы және сәби асырап алушы отбасының мүшелері де қатысты. Аталған шараға облыстық іскер әйелдер қауымдастығы мен Аналар кеңесі, «Аманат» партиясы филиалының әйелдер қанаты және өзге де әлеуметтік ұйым басшылары мен мүшелері форумға зор қолдау танытып отыр.

СНХ: РАУШАН ТҰРАНОВА, "QOLQANAT"ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Бұл форумның басты мақсаты-әр санаттағы әйелдерге бірдей мүмкіндіктер жасау. Және де осы форумның жанында панельді форматта 4 блок болады. 4 блокта біз денсаулық, әйел құқығын қорғау, психологиялық қолдау жасау және де әлеуметтік-кәсіпкерлік бағытында шақырылған қонақтарымыз, эксперттеміз әр санаттағы әйелдерге семинар, мастер-класс және тренингтер және де воркшоп өткізеді.

РКС: "AMANAT" партиясы Ақмола филиалының әйелдер қанаты қазіргі уақытта 10 бағытты іске асыруда. Мүшелерінің саны да 150-ден асқан. Жыл сайын аталған әлеуметтік ұйымдардағы әйелдер белсенділігі артып, олар қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді.

СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Осындай форумдар әр әйелге мотивация, әрі қарай жұмыс жасап, өз қолындағы бар мүмкіндіктерді басқа елдерге де көрсетіп, оларға да мотивация беру. Енді ойлаймын әйелдер күні қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйладық деп әйелдер қауымына. Біздің өңірімізде мықты әйелдер өте көп. Депутаттық корпуста да бар, кәсіпкерлікте де бар, көпбалалы аналар да қандай үлкен кәсіптер ашып жатыр. Бізде Аналар кеңесі бар. Ол да өзі тәрбиелік мәні зор, жас келіншектер мен мектеп, колледж студенттерімен тәрбиелік мақсатта жұмыс жасап жатыр.

РКС: Іс-шара соңында қоғамдық жұмыста белсенділік танытып жүрген бірқатар қыз-келіншектер марапатталды."Qolqanat" әлеуметтік жобасы жыл сайын ерекше қажеттілігі бар балалар мен қолдауға мұқтаж топтар үшін түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Олар әр қазақстандық үшін тең жағдай мен мүмкіндікті қолдауға қашан да әзір.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.