ДИКТОР: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының полигонында аталған оқу орны курсанттарының қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Аталған жиын көктемгі кезеңде су тасқынының алдын алуға бағытталған.
РКС: Оқу-жаттығу су тасқыны кезінде апатты-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бағытына арналды. Шараға академия курсанттарынан өзге басшылық құрам, сонымен бірге апатты жағдай орын ала қалса, бірге әрекет ететін органдар да қатысты. «Қызыл Ай» ұйымының волонтерлері, сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқу-жаттығу жиынында белсенділік танытты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҒАНИ ӘБДУХӘКІМ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Біздің министріміз генерал-майор Шыңғыс Әрінов айтқандай, кез-келген төтенше жағдайларды жою емес, оны алдын алу тиімдірек демекші. Яғни, бізде бірнеше шаралар жүргізіліп жатыр. Барлау жүргізу және халықты хабардар ету, қалыптасқан жағдайларды хабарлау және жағалауға қорғаныстар қою. Авариялық құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде қорғаныстар күзеттер орналастырып жатыр. Және дезинфекциялау жүргізіліп жатыр. Бұл табиғи апаттарды, төтенше жағдайларды алдын алу үшін жүргізіліп жатыр. Жұмыс сапасын жоғарылату үшін осы алгоритмдерді ертеңгі күні табиғи апаттар туындаған жағдайда осы алгоритмдерді енгізу ретінде оқу-жаттығулар жүргізіліп жатыр.
РКС: Оқу-жаттығу барысында зардап шеккендерге психологиялық және медициналық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылды. Академия курсанттары су тасқыны кезінде апатты-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу дағдылары мен тәжірибелерін жетілдірді.
СНХ: РУСТАМ ОСИПОВ, ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Оқу-жаттығуларға өзара іс-қимыл жасайтын Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімі, волонтерлер, «Қызыл Ай» ұйымы, эпидемиологиялық бақылау бөлімшелері және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды. Алға қойған мақсатқа толық қол жеткізілді деп санаймын. Курсанттар өз практикалық дағдыларын жоғарылатты.
РКС: Оқу-жаттығу жиынына Академияның 65 адамнан құрылған жиынтық жасағы қатыстырылды. Мұндай шаралар курсанттарға практикалық тәжірибесін шыңдауына мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.