ДИКТОР: «Көкшетау» мәдениет сарайында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған Қазақстанның халық әртісі, Дж.Верди атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, профессор Шахимардан Әбіловтің «Ой толғау. Хәкім Абай» монооперасы көпшіліктің назарына ұсынылды. Іс-шараның басы-қасында болып қайтқан тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
ИНТЕРШУМ :
РКС: Моноопераның авторы әрі орындаушысы Шахимардан Әбілов - бар өмірін ұлы ақын, композитор, ойшыл Абай шығармашылығын насихаттауға арнаған жан. Ол Хәкім Абайдың даналығын ән арқылы жеткізіп таратуда. Моноопера - өнер саласындағы сирек жанр, сондықтан Көкшетау төрінде өткен Шахимардан Әбіловтің моноопера-концерті көрермендер үшін таңсық, ерекше оқиға болды.
СНХ: ШАХИМАРДАН ӘБІЛОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ: Абайдың пәлсапалық, поэтикалық, психологиялық, суреткершілік өнерін түгеліміз білеміз. Бұл монооперада Абайдың басқаша өнер арқылы ол кісінің пәлсапалық дүниесін өнер арқылы бүкіл адамның дүниесін, адамға деген оның махаббаты, адамды білімге, өнерге, әлемдік дүниеге, бір-бірін сыйлауға, тазалыққа, имандыққа шақырған бұл үлкен күш, үлкен қуат.
РКС: Монооперада «Көзімнің қарасы» «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» және тағы басқа да Абайдың әндері мен өлеңдері, мағынасы зор қара сөздері орындалды. Халық әсем әуен ырғағымен өрілген әуенді бір демде тыңдады. Сазды кешке жиналған халық та, рухани дүниесін байытып, көкірек көздерін кеңейтіп қайтты. Аталған кештен алған әдемі әсерлерімен де бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Моноопераны тамашалауға келген халық залға лық толды.
СНХ: ӘЛИЯ ЗАМАНБЕКОВА, КӨРЕРМЕН: Өте керемет опера болды. Себебі, биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мерейтойына орай ұйымдастырып жатқан шаралардың негізі болды. Өте, тамаша моноопера болды. Олай дейтініміз Абайдың керемет әндері орындалды. Бұл операның жастарға беретін тағылымы деп есептейміз. Біз Жанайдар Мусин атындағы колледж 200-ге тарта осы колледждің студенттері, оқытушылары осы операны арнайы тамашалауға келдік. Опера біздің көңілімізден шықты.
РКС: Моноопера - әрбір музыкалық нота мен мәтіндік фраза мәнін тапқан ерекше өнер жанры. Замануи музыкалық театрда орнын тапқан, әр тыңдарманын жүрек түкпіріндегі сырларын сезінуге және әрбір әуеннің терең мағынасын түсінуге шақырған кештен халық ерекше көңіл-күймен тарқасты.
ИНРТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ