ДИКТОР: Облыс аумағында жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Тарихшылар, ғалымдар, қоғамдық ұйым мүшелері зерттеулер жүргізіп, экспедициялар ұйымдастырады, ғылыми еңбектер шығарады. Бұл өткеннің қайғылы оқиғаларын есте сақтауға бағытталған жұмыстар.

РКС: ХХ ғасырдың 20-ыншы 50-інші жылдары аралығында Ақмола облысы аумағына ондаған мың адам жер аударылды. Мұнда репрессияға ұшыраған зиялы қауым өкілдері, дінбасылар, тұтас этнос өкілдері тұрған лагерьлер мен арнайы қоныстар болды. Облыс аумағында 19 лагерь болған, оның 4-уі Зеренді ауданында аумағында орналасқан.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕНТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ: Ақмола облысы аумағында тек АЛЖИР, СтепЛаг қана емес басқа да көптеген лагерьлар болды. Олардың саны 15-тен асады. "АлашОрда" партиясының мүшелері, яғни қазақ зиялыларының қамауға алынып, кейін атылғаны жайлы көптеген ақпарат бар.

РКС: Саяси қуғын-сүргін құрбандарының көпшілігіне негізсіз айып тағылды. Көптеген жан жалған жаламен сотталды. Ұзақ жылдар бойы олардың есімдері аталмай, туған-туыстарына да жала жабылды.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕНТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОДЫ; Қазақстан үшін бейбіт уақыт болғанына қарамастан, біз бұл оқиғаларды ұмытпаймыз. Олар келешек ұрпаққа үлгі болсын. Біздің және ұрпақтарымыздың өмірінде де мұндай оқиғалар қайталанбасын деп тілейміз.

РКС: Кеңес заманында, ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін қазақ халқының тарихындағы ең қасіретті кезең саналады. Дәл осы аралықта 100 мыңнан астам азаматымыз жазықсыз жапа шегіп, оның 20 мыңы атылып кеткен.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ