ДИКТОР: Ұлттық құндылықтар - бала тәрбиесінің қайнар көзі. Ұлттық өнерді ұлықтап, ерте жастан бойына сіңіріп өсірген жас ертеңгі ел болашағы. Көкшетаудағы нөмірі 2 мектеп-лицейде оқушылар іс тігеді, ұршық иіреді, құрғақ жүннен түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды, ою ойып сабақ арасында ұлттық ойындарға да көңіл бөледі.

ест.шум: Жүнді 70-80 см дейін иіріп алғаннан кейін ол тек жіп иіру ғана емес, денсаулыққа да пайдалы болып тұр. Көтергенде мойның бұрылып түр, қолың көтеріліп тұр, содан кейін кішкене саусаққа орап аламыз да. ұршыққа жинаған кезде айналдырып отырып жинаймыз, барлық саусақтарымыз жұмыс істеп тұр, буындарымыз бір билеп отырған сияқты.

РКС: Гүлбара Нұқанова "Достық" үйінен жанынан ашылған облыстық сәндік қолданбалы өнер шеберлері қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан этно дизайнерлер одағының мүшесі. Сонымен қатар нөмірі 2 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәнінің мұғалімі. Он саусағынан өнер тамған ұстаз бүгінде оқушыларын сырмақ өнері, кілем тоқу, габиленмен жұмыс сияқты өнер түрлеріне баулуда.

СНХ: ГҮЛБАРА НҰҚАНОВА, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Мен қосымша қыздарға ұршық иіруді үйретіп жүрмін. Қазіргі жастарымыз көбі біле бермейді. ұршық ағашы неден жасалынады, қандай жүндерді қолданады дегендей. Біз енді әжелеріміздің істегенін аналарымыздың істегенін көріп өстік қой. қазіргі балаларға ондай мүмкіншілік аздау болып тұр. Өзім баяғыдан ұстап келе жатқан бір ұршығым болатын. Одан кейін осында ағаштан түйін тұйген Нұрлан Есембеков деген күшті шебер әріптесіміз бар. Сол жігітке өтініш айттым. тағы да 3 ұршық істеп берді. сонымен 4 ұршық бар.

РКС: Биылғы оқу жылында мектепке бірнеше іс тігетін машина алынған. Онда оқушы қыздар құрақ құрау өнерін игеріп жатыр. Ол үнемшілдікке, шыдамдылыққа, ысырапшылдыққа жол бермеуге үйретеді. Қыздар кішкентай ғана матаның қиындыларынан әсем заттар жасауда.

СНХ: НҮРИЯ АМАНЖОЛ, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ОҚУШЫСЫ: Бүгін мен құрақ тігіп үйрендім. Бұл маған өте қызықты. Құрақ көрпе тіккенде мен шыдамдылықты үйрендім. Машинкамен жұмысты үйрендім.

РКС: Мектепте өскелең ұрпақты өнерге баулитын бірнеше үйірме бар.

СНХ: ЛЮДМИЛА БАТРАКОВА, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қазір балалар "Золотое руно" үйірмесінде отыр, онда құрғақ жүннен түрлі искиздар жасауда. Өздері тақырып таңдап алып, өз талғамдарына қарай сәндеуде. Әрине әр сабақ атаулы даталарға орайластырылады. Алда Наурыз мерекесі бар, сол көрмеге қоятын заттарды жасаудамыз.

РКС: Мектепте оқушыларды ұлттық құндылықтарға үйрете отырып тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар дамып, жалғаса бермек.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ