ДИКТОР: Біржан сал ауданында әлеуметтік саланы дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Степняк қаласында Абай атындағы №2 мектебінің материалдық-техникалық базасы 250 млн. теңгеге жаңартылды. Сондай-ақ ауданның 7 мектебі заманауи STEM кабинеттерімен жабдықталған. Оған 56 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова баяндады.

РКС: Біржан сал ауданында 25 білім ошағы, мектепке дейінгі 21 мекеме бар. Былтыр «Күншуақ» балабақшасын кеңейту мақсатында 40 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қазір бұл балабақшаға 30 бала қабылданды. Сондай-ақ ауданның бірнеше елді-мекенінде мектеп жөнделіп жатыр.

СНХ:ОРЫНБАСАР АХМЕТОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Олар Степняк қаласының № 1, Андықожа батыр және Кеңащы ауылдарының мектептері. Соңғы екі мектептің жобалары екі жылдық болған соң, жұмыстар биыл жалғасатын болады. Сонымен қатар 2025 жылдың жоспарында Макинка ауылының мектебіне күрделі жөндеу жүргізу бар. Қаражат толығымен көзделген. Баймырза, Құдықағаш және Бірсуат ауылдарының мектептеріне күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бюджеттік ұсыным тапсырылды. Көп жылдар бойы проблемалық құрылыс болған Бұланды ауылындағы 80 орындық мектеп ғимаратының құрылысы аяқталды.

РКС: Ауданның білім беру мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыру - өзекті мәселе. Мұнда ерекше қажеттілікті талап ететін 262 оқушы бар.

СНХ: ОРЫНБАСАР АХМЕТОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жол картасын орындау мақсатында ағымдағы жылы Үлгі ауылының жалпы білім беретін мектебінде және Абай атындағы №2 инклюзияны қолдаудың 2 кабинеті ашылды, балаларды жалпы қамту 30 баланы құрайды. Инклюзияны қолдау кабинеті 2022 жылы №1 жалпы білім беретін мектепте ашылды, 2023 жылы Макинка ауылының жалпы білім беретін мектебінен ашылды. Балаларды жалпы қамту 45 баланы құрайды.

РКС: Ауданда денсаулық сақтау инфрақұрылымы да жақсарып келеді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Андықожа батыр ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 45 орынға шақталған тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, ауысымына 200 келушіге арналған емхананың құрылысы да жалғасуда. Былтыр бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданға 3 техника, 2 жедел жәрдем және 1 реанимобиль сатып алынды. Сондай-ақ халықты жұмыспен қамту көрсеткіші де жақсы. Мәселен, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өткен жылы 700-ге жуық жұмыс орны құрылды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ