ДИКТОР: Көкшетау тарихи-өлкетану мұражайында соғыстағы қиындыққа мойымаған жандардың қайсарлығы мен батырлығын дәріптейтін патриоттық сағат өтті. Аталған шараны Қазақстан халық партиясы Ақмола облыстық филиалы Ленинградтың қоршаудан азат етілуі күніне орай ұйымдастырды.

РКС: Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған шаралар легі Ақмола облысында басталып кетті. «Жау құрсауына берілмеген қала!» атты іс-шара барысында көрермен назарына Ленинград тұрғындарының ерлігі, олардың жауға қалай қарсы тұрып, сұрапыл күндерден аман қалғаны жайлы видеороликтер ұсынылды. Солардың ішінде қазақтың біртуар батыр ұлдары мен қыздары Әлия мен Мәншүктің де ерлігі жолындағы деректі фильмдерден үзінді көрсетілді. Соғыс кезіндегі Ленинград тұрғыны кішкентай Таня Савичеваның күнделігінен алынған деректерге сай түсірілген фильм әскери борышын өтеп жатқан сарбаздарға ой салды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ:СЕРІК ЕРЖАН, ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ САРБАЗЫ: Бүгінгі көрген Ленинград туралы ақпарат алдым және де өте маңызды ақпарат алдым. Өйткені ол кезде шынында да қиын-қыстау заман болған. Неміс фашистері блокада жасаған кезде өте қиын-қыстау заманда өмір сүрді. Су болған жоқ ақпарат аларда азық-түлік болған жоқ және де олар өзінің рухына мойымай, сынбай үлкен жеңіске жеткен және де бұл үлкен уақытта болған блокадор оны емес және де осы ата-бабаларымыздың арқасында жеңіске жеткен адамдардың мысалы. Енді болашақта бұндай жағдайлар қайталанбасын деп тілейміз және де осы еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

РКС: Миллиондаған адамның тағдырын өзгерткен қан майданның жарасы тарихта мәңгі қалатыны сөзсіз. Соғыс жылдары халықтың барлық ресурсы жауды жеңуге жұмылдырылды. Сұрапыл жылдары майданға 1 миллионнан артық Қазақстаннан азамат аттанып,оның тең жартысынан астамы еліне оралмады. Ерлікті ұлықтап, болашақ ұрпаққа бейбіт өмірді одан әрі гүлдендіру бүгінгі ұрпақтың басты парызы.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ