ДИКТОР: Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 2,5 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды. Былтыр облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 11 түрі сатып алынды. Қазір олар жүзеге асырылуда. Өнімдерді, оның ішінде көкөкністерді төмендетілген бағамен 42 дүкен сатып жатыр. Бұл "Kokshe" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің бір бағыты ғана. Өзге де жобалар туралы тілші айтады.
РКС: "KOKSHE" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы агроөнеркәсіптік кешені саласындағы жобаларды 2,5 процентпен несиелендіреді. Былтыр сүт-тауарлы фермаларды құру және кеңейтуге қатысты инвестициялық 7 жоба қаржыландырылды. 15 миллиард теңге көлеміндегі инвестиция ірі қара мал басын 6,5 мыңға көбейтуге мүмкіндік берді
СНХ: ӘЛИ ӘЛИЕВ, "KOKSHE" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сүт өнімдерін өндірушілер технологиялық жабдықтар сатып алып, ірі қара мал басын арттырды. Барлық жеті ферманың құрылысын осы жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Олар толығымен іске қосылса аймақта сүт өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік мол болады. Бұл Президенттің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70 процентке дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы маңызды қадам. Биыл 20 миллиард теңге көлемінде инвестжобаларды қаржыландыру жоспарланып отыр.
РКС: Бұдан бөлек, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Көкшетауда тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын белсенді жүзеге асырып жатыр . Жоба қала құрылысын жаңартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
СНХ: ӘЛИ ӘЛИЕВ, "KOKSHE" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр қараша айында Уәлиханов – Гоголь, Саин – Быковский көшелерінің қиылысындағы тозығы жеткен 6 үй сүрілді. Ал пәтерлер меншік иелерінен сатып алынды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша осы мақсатқа 700 миллион теңге бөлінді. Қазір бұл жерде жайлылық пен қауіпсіздіктің жаңа стандартына айналатын екі заманауи тұрғын үй кешенінің бірінші қабаты салынып жатыр.
РКС: 2025-2027 жылдары нақты құрылыс жүргізіледі. Ол үшін қолайлы жергілікті аймақтар қарастырылып жатыр . Олардың арасында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер бар. 66 пәтердің иесімен жұмыс жүргізілуде.
АЯЛА НҰРБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.