ДИКТОР: Маңғыстау облысынан келген 150-ге жуық студент Ақмола облысындағы колледждерде тегін білім алуда. Оларға мұндай мүмкіндік «Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында берілді. Жоба сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандықтарды меңгергісі келетін жастарға үлкен қолдау болуда.
РКС: Бұл колледжде 10 түрлі жұмыс мамандығы бойынша мамандар даярланады. Олардың қатарында өңірге аса қажетті агрономдар мен механиктер бар. «Жарқын болашақ» бағдарламасына қатысушылардың бірі – Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің бірінші курс студенті Асадбек Голбаев. Ол бала кезінен қызыққан бағдарламалау саласын таңдаған.
СНХ: АСАДБЕК ГОЛБАЕВ – СТУДЕНТ: «Жарқын болашақ» бағдарламасы арқылы қабылданған студенттердің бірімін. Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан келіп оқып жатырмын. Оқып жатқан мамандығым – бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын таңдау себебім – өзім бала кезеннен программировать етуге қызығамын. Жатақханада тұрамын. Барлығы жақсы. Жатақхана жылы, тегін. Тамақтары да тегін.Мен осы бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын аяқтап, «ҚазМұнайГаз» компаниясына жұмысқа кіргім келеді.
РКС: «Жарқын болашақ» бағдарламасына қатысушыларға оқу орнының барлық студенті алатын шәкіртақыдан бөлек, қосымша қаражат төленеді. Жергілікті білім беру мемлекеттік тапсырысы аясында олар үш мезгіл тамақпен және жатақханамен қамтамасыз етілген.
СНХ: АРМАН ОСПАНОВ, ШАҒАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Өткен жылдың қыркүйегінен бастап бізге «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша студенттер қабылданды. Бұл бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тарапынан қаржыландырылады. Оған 12-22 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Биыл бізге 48 студент түсті. Олар «Ақпараттық жүйелер», «Жерге орналастыру» және «Электрмен жабдықтау» мамандықтары бойынша білім алуда.
РКС: Айта кетейік, бүгінде өңірдегі 29 колледжде 20 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Олардың 80 проценті тегін оқуда. Бұл тәсіл жастардың сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне мүмкіндік береді. Осылайша, еңбек нарығы білікті мамандармен толығуда.
ТОМИРИС ТӘУКЕЛОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАК ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.