ДИКТОР: "Экосананы қалыптастыру-ел өркендеуіне қадам". Сандықтау ауданына қарасты Каменка ауылындағы агротехникалық колледжде "Таза Қазақстан" акциясы аясында осындай атаумен экологиялық дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті.
РКС: Шара барысында аудан оқушылары өздерінің экологиялық бастамаларын мультфильмдер мен презентациялар арқылы ұсынды. Былтыр Сандықтау ауданында экологиялық акция аясында 160-қа жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылып, 3 мыңнан астам көшет отырғызылды. "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына арналған дөңгелек үстел барысында биылғы жоспар жан-жақты талқыланып, өскелең ұрпаққа акцияның маңыздылығы түсіндірілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СӘУЛЕ ЖАЙЫЛҒАНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл ұлттық жоба аясында кешенді жоспар әзірленді. «Жасыл ел» жобасы аясында тағы 20 волонтер сапқа қосылады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті қазынадан 3 млн.теңге бөлінді.
РКС: Каменка ауылындағы агротехникалық колледж экологиялық акциясыдан бөлек, жұмысшы мамандығы жылын да ауқымды шаралармен бастады. Білім беру ордасында бүгінде 140 студент қажетті мамандықтар бойынша білім алуда. Өңдеу-жинау немесе басқа да жұмыстарды атқа¬ру үшін ауылшаруашылық техни¬ка¬сын тізгіндей білетін механизаторды сырттан іздемеу үшін, колледж қабырғасында бұл мамандық бойынша факультет ашылған.
СНХ: КОНСТАНТИН КУДИН, КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ: Біз болашақ механизаторларды оқытамыз. Жастарға осы бастан қоршаған ортаны қорғауды үйретеміз. Оны оқу бағдарламасына да қостық. Себебі болашақта гербицид, фунгицид сияқты химиялық препараттармен жұмыс істейді. Сол себепті біз олардың артықшылығы мен кемшілігін қазірден түсіндіріп жатырмыз.
РКС: Болашақ жұмысшы мамандық иелері үшін колледж қабырғасында барлық жағдай жасалған. Мәселен, биыл білім беру ордасы 3 млн.теңгеге арнайы құрал-жабдықтар сатып алған. Тіпті, "Каменка және Д" серіктестігімен тығыз байланыста. Мұнда студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ