ДИКТОР: "Есірткісіз өмір: таңдау өзіңде!" Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде студенттерге арналған форум өтті. Шараның бір ерекшелігі нашақорлыққа салынып, кейін дұрыс жолды таңдаған адамдар өздерінің бастан өткерген оқиғаларын ашық айтты.
РКС: Ең алдымен студенттерге есірткі таратудың жазасы ауыр болатыны айтылды. Мәселен, былтыр өңірде 50-ге жуық есірткі жасырушы ұсталды. Оның ішінде 4-уі кәмелеттік жасқа толмағандар. Осылайша, 16 жастан асқан жасөспірімдер бас бостандықтарынан айырылады. Осы орайда, полиция қызметкерлері жастармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
СНХ: РАЗИЯ ҚҰРСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА УӘКІЛІ: Шараның негізгі мақсаты - есірткінің зияны және оның ағзаға кері әсері туралы түсіндіру. Психоактивті заттарды қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру және қызметкерлер мен студенттер арасында ашық диалог құру. Ең бастысы, есірткіден бас тарту дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
РКС: Кезінде есірткінің дәмін татқандар өскелең ұрпаққа бастарынан өткен оқиғаларды баяндады. Олар жастарға есірткі қолданудың арты қандай болатынын, жақсы өмірдің күрт өзгеріп кететінің түсіндірді.
СНХ: ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ПАЦИЕНТІ: Тұрмысқа шықтым. Күйеуіммен бірге есірткі қабылдай бастадым. Оны түрмеге қамады. Ал, мен психиатриялық ауруханаға түстім. Содан соң осы оңалту орталығына келдім. Реабилитациядан өтіп жүргеніме 3 ай болды. Мен не істеп қойғанымды, қандай жолға түскенімді енді ұғындым. Ата-анамның маған деген сенімі де жоғалды. Бұл ең ауыр соққы. Қазір бәрін түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға бар күш-жігерімді салып жатырмын. Болашаққа үмітім зор.
РКС: Сондай-ақ, жас буынға есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және тағы да басқа заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелеріне қатысты еліміздің заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы баяндалды. Студенттер құқық қорғау органының қызметкерлерімен және психологпен ашық диалог форматында сөйлесе алды.
СНХ: ӨРКЕН ӘБИБУЛЛА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАНЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бізге көптеген заңдар туралы айтылды. Менің ойымша нашақорлық деген ол жақсы нәрсе емес. Адамды жаман жаққа қарай тәрбиелейді. Наркотик атып оған тәуелді болып, соны іздеп тұрамыз, оған ақша табуға ұмтыламыз. Бір нәрсе бүлдіруіміз мүмкін.
РКС: Шара барысында студенттерге салауатты өмір салтын ұстанған және есірткіге тәуелді адам жайлы бейнероликтер көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ. ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ