ДИКТОР: Ерейментау ауданында "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында былтыр бірқатар бағдарлама жүзеге асты. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, инженерлік инфрақұрылым салалары қамтылды. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы да оң жолға қойылған.

РКС: "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында Ерейментау ауданына қарасты Тайбай, Өлеңті және Олжабай батыр ауылдарында дәрігерлік амбулатория бой көтерді. Оған 155,2 млн.теңге бөлінді. Ал, Майлан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға 18,5 млн.теңгеге блок-модульді қазандық сатыл алынды. Дәл осы бағдарлама арқылы бірқатар білім ошағы күрделі жөндеуден өтті.

СНХ: БАТТАЛ ЫБЫРАЕВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Атап айтқанда, Торғай орта мектебінің жөндеу жұмыстары қолға алынды. Оған 419,3 млн.теңге бөлінді.Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Ал, Тайбай орта мектебін жөндеуге 443,4 млн.теңге бөлінді. Олжабай батыр атындағы мектеп қайта жөндеуден өтіп жатыр. Оған 2023 жылы 262,1 млн. теңге, ал былтыр облыстық бюджеттен 124,7 млн.теңге бөлінді. Сонай-ақ, былтыр Өлеңті орта мектебіне күрделі жөндеу басталды. Оның сметалық құны 410,9 млн.теңге.

РКС: Сонымен қатар, "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында Еркіншілік және Торғай ауылдық клубтары да күрделі жөндеуден өтті. Оған 600 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді. Айта кетейік, Сілеті ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары 2023 жылы қолға алынған еді. Оған былтыр облыстық бюджеттен 126 млн.теңге бөлінді. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Құбырды толығымен іске қосу үшін қосымша қаражат керек.

СНХ: БАТТАЛ ЫБЫРАЕВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сілеті ауылында ақша осы жылы да бөлінеді. Осы жылға үмітіміз бар. Проект бітеді деген. Біз осы жылы Ақмырза ауылын бітірдік. Енді қазір біздің ұсыныстар қаралып жатыр. Кішкентай ауылдарға көштік. Ал, үлкен ауылдарда орталықтандырылған су желісі бар.

РКС: Жергілікті халықты жұмыспен қамту мәселесі де өзекті. Оған ерекше екпін беріліп отыр. Былтыр 1200-ге жуық жұмыс орны ашылды. Оған "Елге қызмет-абыройлы міндет" және "Жасыл Ел" жобалары аясында 700-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Биыл "Жасыл ел" бағдарламасы аясында 43 жұмыс орны ашылмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ