ДИКТОР: "Көкшетау жылу" кәсіпорны 1200-ден астам білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысанын, мемлекеттік мекемелер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын жылумен қамтамасыз етіп отырған ірі мекеме. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен кәсіпорынның бас директоры Руслан Мәкішев жылу беру маусымы тұрақты, үзіліссіз, қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

РКС: Өткен жылы кәсіпорында ірі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2-ші аудандық қазандықта екі бу қазандығы, сондай-ақ сегізінші, тоғызыншы және оныншы су жылыту қазандықтары жөнделді. Бірінші және екінші аудандық қазандықтарда теміржолдың кірме жолдары жаңғыртылды. Боровской, Бірлік, Юбилейный шағын аудандарында, сондай-ақ Красный Яр ауылында және Станционный кентінде жылу трассасы монтаждалды.

СНХ: РУСЛАН МӘКІШЕВ, "КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 2024-2025 жылдарға 1 миллиард 375 миллион теңге бөлінді. Оның 816 миллион теңгеСІ бірінші және екінші аудандық қазандықтағы жылыту қондырғыларын дайындауға жұмсалды. Жылу жүйелерін дайындауға 559 миллион теңге шығындадық. Қала бойынша 6 шақырымнан астам құбыр ауыстырылды.

РКС: Бұдан әрі бас директордың орынбасары Асқар Нұрмағанбетов 1 қаңтардан бастап күшіне енген тарифтік өзгерістер туралы ақпаратты жеткізді. Тарифтер "Табиғи монополиялар туралы" Заңға сәйкес қалыптастырылатынын түсіндірді.

СНХ: АСҚАР НҰРМАҒАНБЕТОВ, "КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бес жылдық жоспарға сәйкес, біз табиғи монополиялардың ірі субъектісі болғандықтан, 2021 жылдан 2025 жылдарға арналған тариф бекітілді. Ол 4652 теңге. Біз орташа жылу беру тарифін 7 мың теңге деп көрсетіп едік. Бірақ, табиғи монополияларды реттеу департаменті оны біршама төмендетуге қатысты жұмыс жүргізілді.

РКС: Сондай - ақ, Асқар Нұрмағанбетов бекітілген сметада жыл сайын тарифті 4 процентке өсіру жоспарланғанын атап өтті. Ал нақты инфляция әлдеқайда жоғары болып отыр. Осыған орай тариф кәсіпорынның нақты шығынын толық жаппайды. Соның салдарынан тарифтік тапшылық қалыптасады. Тұтынушылар үшін үш деңгейлі жаңа тарифті өткен жылдың 1-ші қазанынан бастап енгізу жоспарланған еді. Бірақ техникалық қиындықтарға байланысты ол осы жылдың қаңтарына ауыстырылды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ