ДИКТОР: Көкшетау қалалық емханасына 88 мыңға жуық адам тіркелген, оның 24 мыңы балалар. Бір айда медициналық мекемеге орта есеппен тіркелгендердің тең жартысы келеді. Пациенттер қандай емдеу-профилактикалық қызметтермен қамтылған? Тілші баяндайды.
РКС: Қалалық емхананың бейінді мамандары жыл сайын 160 мыңнан астам кеңес береді. Мұнда көптеген ауруды диагностикалауға және емдеуге барлық мүмкіндік қарастырылған. Клиникалық-диагностикалық зертхана жылына 700 мыңнан астам зерттеу жүргізеді.
СНХ: РЫСТЫ СЫЗДЫҚ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің емханада 17 диагностикалық емдеу бөлімі бар. Қызметтің барлық түрін ұсынамыз. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек, стационарлық-алмастыратын көмек және үшінші кезеңде оңалту көмегі. Сондай-ақ жедел шақырудың төртінші санатындағы жедел жәрдем көмегі. Емхана 51 участокке қызмет көрсетеді. Жыл сайын 500 мыңнан астам адам дәрігердің көмегіне жүгінеді. Оның 71 пайызы учаскелік қызмет.
РКС:Емхананың материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып отырады. Соңғы 2 жылда компьютерлік томография мен сараптамалық санаттағы ультрадыбыстық аппараттың көмегімен тексеру мүмкіндігі пайда болды. Облыс орталығындағы 6 ғимаратта медициналық көмек көрсетіледі. Олардың қатарында балалар емханасы да бар.
СНХ:ГҮЛНӘР БАЛТАШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балалар емханасы осында бекітілген 11 мыңға жуық балаға қызмет көрсетеді. Бізге жаңа туған сәбиден 18 жасқа дейінгілер келеді. Бұл ғимаратта учаскелік қызмет сынды мамандар қабылдау жүргіде.і Әлеуметтік қызметкерлер де осында отырады. Психологтар да қабылдау жүргізеді. Сондай-ақ невропатолог, ЛОР дәрігері, офтальмолог және хирург сияқты бейінді мамандар бар. Рентгенография және нейросонография, құралдармен тексері жүргізіледі. Биылдан бастап мұнда жүкті әйелдер мен жаңа туған сәбилерден 18 жасқа дейінгі балалар үшін тәулік бойы қан қысымын бақылайтын SMAT жүйесін іске қостық.
РКС:Сондай-ақ емханада халықпен түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Осы мақсатта «Денсаулық мектебі» мен қарттарға арналған «Алтын жас» клубы құрылды. Ол жерде жыл сайын 9 мыңға жуық адам оқытылады.
ГҮЛНӘЗ ХАЗИХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ