ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет тарапынан бұл саланы дамытуға зор қолдау бар. Биыл Ақмола облысына субсидия түрінде 51,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Аймақта алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталып кетті. Бүгінде көктемгі егіс және күзгі егін науқанын ойдағыдай өткізу үшін жеңілдетілген несие алуға өңір шаруаларынан 139 өтінім келіп түсті.

РКС: Былтыр Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізді. Өңір диқандары күзде 6,6 млн. тонна астық жинап, соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш орнатты. Бұл ең алдымен мемлекеттік қолдаудың, көктемгі егіс пен күзгі орақ жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізудің арқасында қол жеткізілген жетістік. Сондай-ақ заманауи технологияларды енгізудің арқасында да нәтижелі болды.

СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен жылы астық қабылдауға жалпы сыйымдылығы 4,3 млн тонна болатын 66 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары қатысты. Бұдан басқа ауыл шаруалышық құрылымдарында жалпы көлемі 2,9 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар. Жалпы облысымыз бойынша астық сақтау қуаты 7,2 млн тоннаны құрайды.

РКС: Былтыр еліміздің өзге өңірлеріне 803 мың тонна астық жөнелтілді. 2,6 млн. тонна астық экспортқа шығарылды.

СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Экспорттың негізгі үлесі Өзбекстанға- 1,1 млн тонна, Қытай халық республикасына 738 мың тонна, Иранға 328 мың тонна тиесілі. Республикамыздың басқа облыстарына 803,0 мың тонна астық жөнелтілді. Ағымдағы жылдың басынан бері 84 мың тонна астық экспортталды.

РКС: Жыл сайын ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шаралары артып келеді. Былтыр өңірде агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға несие ретінде шамамен 134 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 46,5 млрд. толық игерілген субсидия.

СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оның ішінде өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 15,5 млрд теңге, мал шаруашылығына 5,4 млрд теңге және қаржы құралдары инвестициялық субсидияларға 15 млрд теңге, несие және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу үшін 8,6 млрд теңге. Жыл қорытындысы бойынша барлық бюджет қаражаты игерілді. Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 9,1 млрд теңге, «Кең дала» бағдарламасы бойынша 37,5 млрд теңге, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 11,6 млрд теңге.

 РКС: Бүгінде өңір шаруаларынан «Кең Дала» және «Кең Дала 2» жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 13,2 млрд теңге рәсімдеуге 139 өтінім келіп түскен.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ