ДИКТОР: Көкшетауда полицейлер жергілікті колледждің екі студентінен шамамен 15 млн. теңгенің электронды темекісін тәркіледі. Вейптердің заңсыз айналымы фактісі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде анықталды. Есірткімен күресушілер студенттерді қолға түсіру кезінде олардан мыңға жуық электронды темекі тәркіледі. Күдіктілердің бірінің үйінен 10, екіншісінен 970 дана вейп табылды. Бір қызығы, соңғысы тыйым салынған "тауарлардан" құтылуға тырысты. Бірақ тәртіп сақшылары оны бүлк еткізген жоқ. 20 жастағы күдікті тәркіленген электронды темекіні сатқан жағдайда 15 млн. теңгеге жуық қаржыға кенелетінін айтқан.
СНХ: ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Полиция қызметкерлері Көкшетау қаласында жедел іздестіру іс-шаралары барысында шегілмейтін темекі өнімдерінің олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың заңсыз айналымы фактілерін анықтады. Екі факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бұл өнімдерді сату мен тарату үшін 200 АЕК айыппұл салуға немесе 50 тәулікке қамауға алуға жаза көзделгені жайыл еске саламыз.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ