ДИКТОР: 70-ке жуық отбасы баспаналы болды. Бұл жолы Қосшы қаласының тұрғындары қоныстойын тойлады. Жаңа пәтір кілтін өңір басшысы Марат Ахметжанов салтанатты түрде табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ұзақ жылдар аңсаған баспанаға қол жеткізгендердің бірі Гүлхан Қайырбекова. Ол үй кезегінде 10 жыл тұрған. Ананың қуанышында шек жоқ.

СНХ: ГҮЛХАН ҚАЙЫРБЕКОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Еліміздің азаматы, патшасы президент мырзамызға көп-көп рахмет айтқым келеді. Екіншіден, облыс әкімі біздің баспанамыздың кілтін беріп, бізді сондай бір қуанышқа бөлеп жатқан. Үй алып жатқаныма өте қатты қуанып тұрмын. Осыдан 10 бұрын кезекке тұрып, үй аламын деп бір қуанып едім. Осыдан 3 жыл бұрын Қосшымыз қала болғанына екінші рет қуандым. Ал, енді бүгін мен баспаналы болып отырғаныма қуанышым шексіз. Рахмет! Керемет, мен үйлі болдым!

РКС: Баспаналы болғандардың қатарында Гүлдариға Нұрпейісованың қызы да бар.

СНХ: ГҮЛДАРИҒА НҰРПЕЙІСОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен мүгедек бала асыраушы анамын. Жалғыз басты анамын. Бүгін енді президенттің тапсырмасымен қызым пәтерлі болып жатыр. Құттықтайсын! Өте қуаныштымын.

РКС: Жыл соңына дейін Қосшы қаласында 100-ден астам пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұр тұрғын үйлер көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың және мұқтаж азаматтардың тұрмыс жайдайын жақсартуға сеп болмақ.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қосшы қаласы қала болғанына биыл 3 жыл болды. Бірақ, өкінішке орай сол 3 жылда біз әлеуметтік осал топтарға 2 ақ пәтер берген екенбіз. Осы 3 жылда. Енді биыл Алла жазса бүгінгі жоспар бойынша біз енді осы жаңа жылға дейін 160 жақсы баспаналарды осы Қосшы қаласының тұрғындарын көпбалалы аналарды, жетім балаларды, мұқтаж адамдарды қамтитын боламыз. Президент заңнамағада үлкен өзгерістер енгізді жуырда ғана. Оны өздеріңізде білесіздер. Бұл баспаналарды сіздер өздеріңізге жекеменшік етіп алуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.

РКС: Бұдан соң, аймақ басшысы баспаналы болған қосшылықтардың үйіне барып, өзінің жылы ілтипатын білдірді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Алдағы уақытта тағы 840 тұрғын үй сатып алынып, ақмолалық баспаналы болмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ