ДИКТОР: Облысы әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданындағы білім беру мекемелерінің қызметімен де танысты. Өңір басшысы ауылдық жерлердегі білім беру жағдайын жасқарту қажеттілігін атап өтті.
РКС: Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-интернат 1975 жылы салынған. 70 орынға шақталған қос қабатты мектептің жалпы ауданы 1062 шаршы метр. Қазір бұл мектеп-интернатта 51 оқушы тұрады. Білім ошағын жабдықтауға «Қазақстан халқына» қорынан 250 млн.теңге бөлінді.
СНХ: АСЛАН АЙТАХМЕТОВ, БІЛІМ БЕРУДІ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: 2022 Жылы ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасын бастағанбыз. Жобаның мақсаты ауыл мен қаланың арасындағы білім берудегі алшақтықты азайту. Ол 3 этаптан тұрады . Біріншісі ол мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мұғалімдерді оқыту, мектепті жаңа материалдық базамен жабдықтау. Және үш жыл бойы методикалық қолдау жасап отырамыз.
РКС: Сондай-ақ, өңір басшысы оқушылардың жетістіктерімен танысты. Білім ошағы өсімдіктерді топырақсыз жасанды ортада өсіруге мүмкіндік беретін гидропоника кабинетімен жабдықталған.
ЛЮФТ:
- Бұл гидропоника құрылғысы. Гидропоника дегеніміз – топырақсыз өсімдіктерді өсірудің заманауи тәсілі. Осы құрылғының пайдасы мен тиімділігіне келетін болсақ, тиімділігі осы биология сабағында білімді теориялық білімге практикалықпен ұштастыруға мүмкіндік береді. Ал пайдасына келетін болсақ, осы құрылғы су ресурстарын үнемдейді, және де топырақты үнемдейді. Осы жерде насос бар. Бұр тек сумен келмейді.
РКС: Бұдан кейін Марат Ахметжанов Зеренді ауылындағы «Балалар музыка мектебін» аралады. Нысан өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Қос қабатты ғимаратта 2024 жылы 305 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген. Мекеме орталық жылыту жүйесімен жабдықталды.
СНХ: ҚАНАТ ЖҮСІПОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Екінші қабатта музыка мектебі орналасады. Ондағы бөлмелер дыбыс өткізбейтін материалдармен жабдықталады. Сондай-ақ, балалар шығармашылық үйі болады. Ғимараттың жалпы ауданы 948 шаршы метр.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов №1 жалпы білім беретін мектептің жұмысымен танысты.
СНХ:ДИНАРА НҰРОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Білім сапасына қарайтын болсақ, осы 2023-2024 жылда бізде 64 пайызды құрады білім сапасы. Осы жылдың 1-ші тоқсан қорытыныдысы бойынша 61,8. Өткен жылы алтын белгі иегерлері 6 түлек болса, осы жылы 13 түлек алды. 2024 жылда біз де 1185 педагог жұмыс жасауда. Жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өткен педагогтардың саны 866. Ол 73.8 пайызды құрайды.
РКС: Сапар қорытындысы бойынша әкім «білім беру саласын дамыту - басым міндеттердің бірі. Әсіресе ауылдық елді-мекендерде оқыту жағдайын жетілдіру қажет» екендігін атап өтті.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ