ДИКТОР: Ұлттық өнер ұмыт қалмау керек. Қосшы қаласында ши ораумен, кілем тоқумен айналысатын шеберлер бар. Олар өз білгендерін оқушыларға үйретіп жүр. Қазақ халқы киіз үйдің ішкі сәндік бұйымдарының барлығын қолдан жасап, тіптен киім-кешекке дейін мәні мен нақышын үйлестіре отырып ұрпақтан-ұрпаққа кәсіби өнер ретінде қалдырып отырған.

РКС: Баяғы кезде шиді тоқу үшін өсіп тұрған шилерді теріп, оған жүн орап, ою-өрнекпен безендіріп қолданса, қазіргі таңда шидің орнын сатылымдағы таяқшалар алмастырып отыр. Түрлі ою-өрнекпен безендірілген шиді кәдесый ретінде нарыққа шығарып, кәсіпке айналдырып отырған қыз-келіншектер де көп. Ал Қосшы қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектебінде оқу бағдарламасына енгізілген.

СНХ: ХАНИФА БҰЛЫҚ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ Р.ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕПТІҢ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: Қазіргі 7-сынып, 8-сыныптардың бағдарламасында бар ши тоқу өнері деген. Сондықтан біз қолда барды пайдаланып осындай дүкендегі сатылатын таяқшаларды, сосын әртүрлі жіптерді қолдана отырып, осындай шилерді жасап, балаларға үйретеміз. Енді істелу техникасына келетін болсақ, бірінші біз осындай үлгіні дайындап аламыз. Негізі бұны көбінесе әжелеріміз жүнмен ораған, түрлі-түсті жүнмен. Бір оқушыны бұны 4 сабақ жасауы мүмкін, 5-сабақ жасауы мүмкін.

РКС: Кілем тоқу өнері қазақ салтының, әдет-ғұрпымен тікелей байланысты. Кілем түрінің сипатына байланысты түкті және түксіз болып екіге бөлінеді. Қолөнердің бұл түрі Қосшыдағы тағы бір мектепте үйретіледі.

СНХ: ЖҰПАРГҮЛ ҮСЕНОВА, №3 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: Кілем тоқу өнері 9-сыныпта бағдарламада бар. Мына оқушылар 9-сынып оқушылары, кілем тоқуды үйреніп жатыр. Қазақтың ежелден келе жатқан қолөнері. Бұл жерде екі кілем түрін тоқып жатырмыз. Біріншіден, бұларға ою-өрнек салуда біз эскиздерін сызып аламыз. Сол арқылы бұлар тоқиды. Қазір мына тоқылып жатқан тықыр кілем, мына тоқылып жатқан кілем түкті кілем деп аталады. Түкті кілемде мягкий болып, ворсы шығып тұрады. Мынандай рамкаға алдымен жіп керіп аламыз.одан кейін эскизін жасап, кілемді тоқимыз. Әр тоқығанда арқау өткізіп отырамыз.

РКС: Қазіргі таңда бұл бұйымдар үлкен көрмелерге қатыспаса да, облыстық көрмелерде жүлделі 1 орындарды иеленіп келеді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына арналған қолөнерге баулитын үйірме ашылған. Бос уақыттарында 60-қа жуық оқушы, үйірмеге келіп, әртүрлі бұйымдар жасауды үйренеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ӘЛИШЕР ШАКУБАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ