ДИКТОР: Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ғасырлар тоғысындағы Отырар» атты қаланың 18 ғасырға дейінгі даму тарихына арналған көрме есігін айқара ашты. Ондағы экспонаттар «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайынан әкелінген.

РКС: Отырар – Орталық Азиядағы ең көне қаланың бірі. Тарихқа толы шаһар керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқандығымен көз тартады. Ол сол кездегі Орталық Азиядағы Жібек жолы бойындағы бай және ең дамыған қаланың бірі болды. Зерттеулер мен археологиялық қазбалар Отырарда ғылым, медицина, білім, егіншілік, мал шаруашылығы жақсы дамығанын көрсетеді.

СНХ: НҰРСҰЛТАН БЕКЕШЕВ, "ОТЫРАР" МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚ МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ: Отырар табылған тариғи мәдениет құндылық ішінде көптеген керемет заттар бар. Мысалы, 12-13 ғасырда қоданылған жәдігерлерді көре аласыздар.

РКС: 1969 жылы Отырарда толық көлемдегі археологиялық қазба жұмыстары басталған. Көптеген ғимараттардың орны жоқ, бірақ археологтар қаланың кейбір бөліктерін, мешіттерді, сарай мен моншаны қазып үлгерген. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Көкмардан қалашығы, Шахристан қорғаны, сәулет кешені, Жарақты қақпасының иллюстрациялары қойылған.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі күні, біздің Ақмола облыстық тариғи өлке тану мұражайында көрме ашылып жатыр. Бұл - көрме бізге біраз мерзімге шарты уақытқа келіп отыр. Бұл біздің, қала тұрғандарына және қаладағы мектептердің оқушыларыменен, мұғалімдеріне таптырмайтын мүмкіндік.

РКС: Көрменің ашылуына білім басқармасының мамандары, мәдениет және қоғам қайраткерлері, университет ректорлары қатысты. Жылжымалы көрме Көкшетауда бір ай бойы тұрады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.