ДИКТОР: Көкшетауда 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңі өтуде. Байқауға өңірдің барлық ауданы мен үш қаласынан 161 зерттеуші бақ сынайды. Олар ғылымнан бастап спортқа дейінгі түрлі бағытты қамтитын 12 секция бойынша бірегей жобаларын ұсынып, өзара сынға түседі.

РКС: Қатысушылар арасында Бурабай ауданының оқушылары - Нұрай Нұртан мен Айерке Амангелдинаның жобасы ерекше көзге түсті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үй жағдайындағы мүгедектер арбасы жобасы- қазылар алқасының назарын өзінің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығымен аударды. Оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қолжетімді шешімді ұсынды. Оқушылар мұндай арбаны құрастыру үшін 2 апта уақыт жұмсаған.

СНХ:АЙЕРКЕ АМАНГЕЛДИНА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ №9 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Қазіргі таңда қозғалыста ақаулары бар балаларға арналған қоларбалар түр-түрлі болса да оның қымбатшылығына әкелетіні. Сондықтан да үй жағдайында пластикадан жасалған түрлерін жасау. Ерекше балаларға, ерекше күтім жасап жүрміз бе? - деген сұрақ қатты ойландырады.

РКС: Байқауда бақ сынауға барлығы 211 жоба келіп түскен. Оның 136-сы сарапшылардың іріктеуімен келесі кезеңге өтті.

СНХ: АЯГӨЗ АЛДАБЕРГЕНОВА, «АҚМОЛА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл байқаудың мақсаты зерттеу жұмысына қызығушылық танытатын дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Бұл байқау жыл сайын 2-7 сыныптар арасында өтеді. Конкурс қорытындысы жас шамаларына сәйкес бағаланады.

РКС: «Зерде» байқауы оқушыларға зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын дамыту, интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыруға мүмкіндік береді. Жеңімпаздар әрбір секция бойынша жеке анықталады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ