ДИКТОР: Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Шара барысында Ақмола облысында 2024 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы талқыланды.

РКС: Бүгінде майлы дақылдардан басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері жиналды. Оның ішінде картоп 7,8 мың гектар алқаптан 137,5 мың тонна өнім алынды, орташа шығымдылығы гектарынан 177 центнер болды. Көкөністер 1,4 мың гектар алқаптан 18,6 мың тонна орылды, орташа өнімділігі гектарынан 128,6 центнерден болды.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл 4,7 миллион гектар алқаптан 6,6 миллион тонна астық жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 14,1 центнер болды. Майлы дақылдар бүгінде 221 мың гектар алқапта немесе егіс алқабының 82,3 пайызында жиналды, жалпы 231 мың тоннаны астық жиналып, орташа өнімділігі гектарына 10,5 центнер болды. Ауа райының, сондай-ақ барлық агротехникалық шаралардың оңтайлы мерзімде орындалуының арқасында жақсы өнім алуға қол жеткізілді. Топырақ ылғалдылығын сақтау үшін егіс алдында 4 миллион гектардан астам алқапта ылғал жабылды.

РКС: «Қазагрэкс» акционерлік қоғамына алдын ала талдауға 299,5 мың тонна тұқым жіберілді. 2024 жылғы бірінші қарашадағы жағдайына сәйкес 230,2 мың тонна тексерілді, оның ішінде кондициялық тұқымдар - 195,9 мың тонна болды. Майлы дақылдарды жинауды аяқтау, егінді сақтау және 2025 жылғы науқанына дайындық бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.