ДИКТОР: Көкшетау қаласында бүгін күрт күн суытып, қала тұрғындары қыстың алғашқы белгілерін сезінді. Қар жауып, ауа температурасы айтарлықтай төмендеді. Өңірлік гидрометеорологиялық қызмет алдағы үш күнге болжам шығарды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, көктайғақ, сондай-ақ желдің айтарлықтай күшеюі мүмкін. Бұл облыс аумағында фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты. Осыған байланысты атмосфераның тұрақсыз сипаты байқалады, бұл жауын-шашынның қар түрінде өтуіне ықпал етеді.
СНХ: САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА - "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Сондай-ақ алдағы күндері облыс аумағында көктайғақ, 23-28 м/с дейін желдің күшеюі, кейде 30 м/с және одан да көп, желдің әлсіреуі 15-20 м/с дейін болады деп күтілуде,түнде ауа температурасының 5-10 градус аязға дейін төмендеуі күтілуде, күндіз 2-7 градусқа дейін аяз.
ОТВОДКА: Сарапшылар облыс тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе жолда сақ болуды ұсынады.