ДИКТОР: Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне шоғырландыру мәселесі тамыз кеңесінде қозғалған еді. Білім саласына жасанды интеллект тех¬нологияларының озық үлгіле¬рін енгізу бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Жасанды интеллект компаниялар мен өндіріс орындарына ғана емес, білім саласына да зор пайдасын тигізеді, -дейді мамандар. Заман талабына сай мұғалімдер тобы жасанды интеллектінің көмегімен білім беруде көптеген қордаланған сұрақтардың тың шешімін іздестіруде.
РКС: Жасанды интеллектінің тиімді тұсы – ірі көлемдегі мәліметтерді сараптамадан өткізіп, деректер арасындағы байланысты нақты көрсетіп, соңғы шешімді адамның өзіне қалдырады. Адам мен машинаның осындай серіктестігі білім берудегі мәселелерді шешуде ерекше ықпал етпек. Сондай-ақ әрбір оқушының білім алу қабілетіне сай, арнайы оқу бағдарламасын құрастырады. Сәйкесінше олар оқу үлгерімін жақсарта алады. Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы 3-ші көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушылары сабақ барысында жасанды интеллектінің пайдасы тіптен зор екенін айтуда.
СНХ: ГАУХАР ҚУАНЫШБЕК, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Біздің мысалы математика сабағында жасанды интеллект бағдарламасы болды. Ал біз GeoGebra арқылы сызған графиктеріміздің бейнесін тура көре аламыз. Яғни, біз қателіксіз тура берілген есепті шығара аламыз. Мысалы тіл сабақтарында, ағылшын тілі сабағында үлкен көмегін көрсетеді.
РКС: Сонымен қатар, жасанды интеллект білім беру саласында жоғары сапалы қызметтің құнын арзандатып, нәтижені жақсартуға септеседі. Білім беру платформасында мұғалімдердің күнделікті қайталанатын жұмыстары мен әкімшілік тапсырмаларын автоматтандырады. Машықты құралдар көмегіне ғана жүгінбей технологияның озық үлгісін қолдану мұғалімдер үшінде пайдасы зор.
СНХ: АЙБЕК ӘЛІП, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Жалпы жасанды интеллектінің көмегімен пайдаланып келе жатқаныма 3 жылдай уақыт болды. Жасанды интеллектінің көмегі өте зор. Біз математика сабағында бор мен сызғышты, тақтаны ғана пайдалансақ, қазір біз функцияның графигі, функцияны түрлендіру деген тақырыптарына дайын, функцияның графигін біз көрсете аламыз. Және де геометрия сабағында GeoGebra Geometry деген бағдарлама фигураларды 3Д көлемде өте жақсы көрсетеді.
РКС: Мектептерде жоғары жыл¬дамдықты интернетпен қамту бойынша «Starlink» жерсе¬рік¬тік интернетіне қосылған. Оқулықтар толық цифр¬лық форматқа ауыстырылған. Олар қазір 11 платформада қолжетімді. Жасанды интеллект технологияларын білімге сауатты енгізу оқытудың тиім¬ділігін қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде білім сапасын жақсартуға мүмкіндік берері сөзсіз.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ