ДИКТОР: Облыста мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты мектептер мен балабақша бағдарламаларына жеке қауіпсіздік сабақтары енгізілді. Онда оқушыларды түрлі өмірлік жағдайда әрекет ету негіздеріне үйретеді.

РКС: Жеке қауіпсіздік сабақтарына әр сынып сағаты аясында 10 минут уақыт бөлінеді. Мұғалімдер оқушыларға төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді, қауіптен аулақ болуды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді.

СНХ: АЛЛА КОВАЛЕВА, № 5 "ТАҢДАУ" КӨПСАЛАЛЫ ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Қазіргі уақытта жеке қауіпсіздік мәселесі де ауқымды. Өйткені, өкінішке қарай балалар сырттан жиі қорғалмаған болуы мүмкін. Сондықтан, әр сабақта белгілі бір тәрбиелік сәттерге назар аударамыз. Жеке қауіпсіздікке де, балалардың өздерінен кішіге немесе қарт адамдарға көмек көрсете алатындығына үлкен көңіл бөлінеді.

РКС: Бұл сабақтар оқушыларды қауіптерді тануға, одан аулақ болуға үйретеді. Мамандар қазіргі уақытта жол қозғалысынан кибер алаяқтыққа дейін әр қадам сайын қауіп-қатер күтілетін қауіпсіздіктің негізгі принциптерін білу өте маңызды екенін айтады.

СНХ: АЙНАШ ГАЛИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Тәрбиенің жаңа тұжырымдамасы аясында биыл жеке қауіпсіздік сабақтарын енгіздік. Жаңашылдығымыз осы. Бұл сабақтар балалардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатына бейімделіп жасалды. Қарым-қатынаста да, сонымен бірге білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру үшін де аса маңызды. Сабақтарды оқу-ағарту министрлігі әзірледі. Жылына 130 сабақ өткізу жоспарланған.

РКС: Осылайша, білім беру ұйымдарындағы жеке қауіпсіздік сабақтары оқушылардың қауіпсіздік деңгейін арттырады. Сондай-ақ балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді және оларды барынша жауапты әрі тәуелсіз болуға бейімдейді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ