ДИКТОР: «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Игі дәстүрге айналған үлгілі отбасылар байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасының жағымды үлгісін дәріптеуге, жанұяның мәртебесін арттыруға бағытталған.

РКС: Байқауға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары 100-ге жуық отбасы өтінім берген. Облыстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша жеңімпаз 7 отбасы анықталды. Аршалы ауданының тұрғындары Ибадилдиновтар жүлделі 1-ші орынды, Зеренді ауданынан қатысқан Сәдуақасовтар әулеті 2-ші орынды иеленді. Бурабай ауданынан қатысқан Аймахановтар әулеті 1-ші орын марапатының иегері атанса, Көкшетау қаласынан Көңбай отбасы Гран-при марапатына лайық деп танылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Көңбай әулетінің отағасы Қыдыржан Көңбай – 94 жаста. Жұбайы Кәмен Тәтейқызы екеуі алты ұл, төрт қызды дүниеге әкеліп, бүгінде он баласынан 38 немере , 44 шөбере тарап отыр. Қазір олар дәрігер, инженер, өндірістік сала мамандары, елге танымал мәдениет қайраткерлері де бар.

 СНХ: КӨҢБАЙ ӘУЛЕТІ, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ: Бірінші Аллаға, екінші, қатысқан барлық туыстарымызға рахмет. Әкеміз қасымызда. Енді әрі қарай осылай жеңістеріміз көбейе берсін. Мемлекетімізге осылай үлгілі отбасы болып, үлгілі осындай дүние көрсетіп отырыз. Осыған қуаныштымыз.

РКС: Аймахановтар әулеті 4 бала тәрбиелеп отырған, шығармашыл, белсенді отбасы. Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтап, балаларының бойына парасаттылық, үлкендерге құрмет, туған жерге сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіріп келеді.

СНХ: АЙМАХАНОВТАР ӘУЛЕТІ, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ I ОРЫН ИЕГЕРІ: Мұндай конкурстар әр отбасын берекеге, бірлікке, татулыққа шақырады. Әр кішкентай өсіп келе жатқан жас ұрпақ осындай конкурс арқылы ата-анамен қарым-қатынасы түзеліп, қоғамда өздері де салиқалы отбасы болуға септігін тигізеді. //01:06//

РКС: Жеңімпаздарға естелік дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Байқауды ұйымдастыру арқылы отбасы құндылығын насихаттау көзделген.

СНХ: АЛМАС АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Отан-қуат, отбасы-шуақ» дегендей жанұя мемлекеттің тірегі. Қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болса, мемлекетіміз мықты болады.

РКС: Айта кету керек, отбасы күні қарсаңында қыркүйектің 6-сында Елордада «Мерейлі отбасы-2024» байқауының республикалық үшінші кезеңі өтеді. Облыстық байқауда бас жүлдені иеленген Көңбай әулеті енді осы сайыста Ақмола өңірінің намысын қорғамақ.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ