ДИКТОР: Тасқын судан зардап шеккен ақмолалықтар жаңа үйлеріне жыл соңына дейін қоныстанады. Бүгінгі күні шалғайдағы елдімекендерде 331 тұрғын үй салынып жатыр. Небәрі бірнеше айда бой көтерген баспаналардың құрылысы аяқталуға жақын. Ал күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жүрген құрылысшылар ел алғысына бөленуде. Еңбек адамдарымен әріптесім Ұмсындық Наурызбаева тілдесіп қайтты.

СНХ: ЕШМҰХАМБЕТ ҚАПАБАЕВ ҚҰРЫЛЫСШЫ: Ауа райына қарамай, мына үйлерді тезірек бітіру үшін екі сменамен жұмыс істеп жатырмыз. Ақ жауын жауып тұр. Күні-түні жауып жатыр. Осында жүргенімізге 4-5 ай болды уже.

ШУМ:

РКС: Құрылысшылар күндіз-түні тыным таппайды. Екі ауысыммен жұмыс істейді. Көбі отбасынан жырақта еңбек етеді. Басты мақсат- қойылған міндетті абыроймен атқару.

СНХ: ДӘУЛЕТ ЖАКИН ҚҰРЫЛЫСШЫ: Фундаменттен бастадық қой осы үйлерді. Таңертең алты жарымда келеміз. Кешкі сағат тоғызға дейін жұмыс істейміз осы жерде. Жанталасып істеп жатырмыз. Үйді сағынып жатырмыз. Сағынамыз. Бала-шаға бар. Звандап тұрамыз күнде.

ШУМ: Сағындым ғой сендерді. Біраз болды көрмегелі. Сағындым ғой деймін.

-Жаным сол...Жұмыстарың алға баса берсін

РКС: Іргетасы бірер ай бұрын ғана қаланған бұл үйлер жақында ел игілігіне беріледі. Бірер күнде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, аула абаттандырылады. Құрылысшылардың бұл еңбегі елеусіз қалмақ емес.

СНХ: САЙРАН ТҮЛІБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Құрылысшыларға ризамын. Осы жұмыстарын істеп жатқандарына. Келіп тұрамын. Таңертең азанда келемін, кешке бір қарап кетемін. Бәрі әп-әдемі, оңды, шапшаң істейді екен.

РКС: Құрылысшыларға артылған міндет көп. Ауыр жұмыс мол жауапкершілікті талап етеді. Шапшаңдық пен сабырлық та қажет. Ел алғысын арқалаған жандар қарапайым халықтың артқан сенімін ақтау үшін мүдірмей еңбек етуге дайынбыз дейді.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ