ДИКТОР: Өткен жылдан бері "Зиялы қауым" бағдарламасы іске асып жатыр. Бастапқыда оны пилоттық режимде Атбасар ауданы Шуйское ауылында сәтті сынап көрді. Осыдан кейін бағдарламаны енгізу идеясын облыстың тағы 13 ауылы қолдады. Бүгінгі таңда жоба бірқатар елді мекендерде жүзеге асырылуда.
РКС: Мысалы, Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылында "Зиялы қауым" бағдарламасы сәтті жүруде. Мұнда кезекті жиналыс өтті. Жергілікті билік, құқық қорғау органдары, жергілікті қауымдастықтар, құрамында беделді тұрғындар бар қоғамдық кеңестер ауылдағы қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін бас қосты. Олар аз қамтылған және тәуекелді отбасылармен және профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмыс істеді.
СНХ: СЕРІК ЖҰМАЖАНОВ - ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ТӨРАҒАСЫ: Құқық бұзушылық, алкогольді тұтыну сияқты мәселелер қаралды. Біз қарастырған адамдар, біздің азаматтар өздерінің жауапкершіліктерін түсінді. Мұндай жұмыс үнемі жүргізіледі. Осындай тақырыптарды талдау өте маңызды.
СНХ: ТЕМІРБЕК ПАЗЫЛҚАН- М. ҒАБДУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің ауылда қылмыс жоқ. Бәрі жақсы. Жолдар, аурухана салынуда. Ауыл ақсақалдары бірігіп, қоғамдастық құрды. Олар жастарды дұрыс жолға салады. Ересек ұрпақ жас ұрпақтан бір нәрсе үйренеді, керісінше, жастар ересектерден бір нәрсе алады. Ауыл тыныш өмір сүреді.
РКС: Жиналғандар полиция органдарында есепте тұрған екі тұрғынмен әңгімелесті. Олар азаматтардың мәселелерін түсінуге тырысты және қайтадан жауапқа тартылмау үшін оларға кеңестер берді. Учаскелік инспектордың айтуынша, ауылдағы жағдай тұрақты.
СНХ: РУСТАМ ОҚАПОВ – ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: Мен үш ауылдық округте жұмыс істеймін. Қызылегіс ауылдық округі, Қанай би ауылдық округі және Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі. "Зиялы кауым" бойынша біршама жұмыс атқарылды. Жыл басынан бері бізде заңбұзушылық мүлдем жоқ.
РКС: Есепке алынатын адамдарға құқық бұзушыларға қатысты қабылданып жатқан шаралар, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, есепке қою, қажет болған жағдайда маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы түсініктемелер берілді. Сондай-ақ мінез-құлықты түзету, атап айтқанда, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан бас тарту, жұмысқа орналасу, психологпен кеңесу және т.б. бойынша ұсыныстар айтылды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ