Жүргізуші: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданында болды. Ауданда биыл 170-ден астам үйді су басып қалды. Баспаналары зардап шегіп, апатты деп танылған тұрғындарға пәтерлер сатып алынуда және жаңа үйлер салынып жатыр. Өңір басшысы Пригородное ауылындағы екіпәтерлі 15 ғимараттың құрылысымен танысты.

КСМ: Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша ауданда тасқыннан зардап шеккен 63 үй тұруға жарамсыз. Жергілікті билік тұрғындарға "екінші нарықтан" 31 пәтер сатып алды. Қазіргі уақытта екіпәтерлі 15 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Әр пәтер - төрт бөлмелі. 90 шаршы метрден. Барлығы 30 баспана . Тұрғындарға баспана 1-інші қыркүйекке дейін берілмек. Құрылысқа 720 миллион теңге бөлінген. Жұмыстарды екі мердігер атқарып жатыр. Олардың айтуынша, уақтылы аяқтау үшін басқа өңірлерде құрылысты аяқтаған жұмысшылар Жарқайың ауданына жұмылдырылады.

ЛЮФТ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ МЕРДІГЕРЛЕР СӨЙЛЕСІП ЖАТЫР: 15-не бітіресіздер?

- Сосын ішіне параллельно кіріп. Терезелерге заказ берілген.

- Дайың ба олар?

- Иә, 6-сы бастап құрайды.

- Төбесің қашан жабасыздар?

- 15-нен.

КСМ: Құрылысты аяқтаған соң, мердігерлер екі жыл кепілдік береді. Оған қарамастан, жұмысты қазірдің өзінде сапалы істеу қажет. Ол үшін күнделікті қадағалау болу керек, - деп облыс басшысы.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сендер сразу бақылауды адып, күнделік бақылау жасау керек. Күнделік қандай нелер бар. Сосын осы жұмыс басталып, жұмыс аяқталып атқан кезде келіп, анау ңұсқау, мынаны өзгертіндер, айыппұл саламыз деп – ондай болмайды. Қазіргі мынау төтенше жағдайдағы салынып жатқан үйлерге жәрдем, дер кезінде күнделік бақылау қадағалаумен, қарап отырып, келісіпжұмыс істеу керек.

КСМ: Ауданда тасқынның салдарын жоюға бағытталған бірқатар шаралар орындалды. Зардап шеккен отбасылар мүлік шығынына өтемақы және бірреттік қаржылық көмек алды. Пригородное ауылындағы су басқан мектепті жөндеуге республикалық бюджеттен 182 милллион теңге бөлінді.