ДИКТОР: Көкшетаудағы Застанционный шағын ауданындағы Мичурин көшесі 26-ыншы және 27-інші үйлердің тұрғындары кәріз суының астында қалдық деп дабыл қағуда. Себебі, аулаларында жағымсыз иіс шығып, кәрізден сұйықтық жер бетіне шығып жатыр. Салдарынан, құрттар мен бақалар пайда болған. Ал балалар болса жиі ауыра бастады. Өйткені, пәтерлердің ішінде ылғалдық бар.

РКС: Айымгүл Зиналова Мичурин көшесі 26-шы үйдің тұрғыны. Мұндай жағдайда өмір сүру өте қиын. Тіпті, киімдерді жуғаннан пайда жоқ. Ал 5 балам жиі сырқаттанады, - дейді көпбалалы ана.

СНХ: АЙЫМГҮЛ ЗИНАЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Балаларым аулада ойнап, жүгіре алмайды. Өйткені, кәрізден сұйықтық жер бетіне шығып жатыр. Одан бөлек, ауламызда өте жағымсыз иіс тұр. Біздің еденіміздің астында су пайда болды. Салдарынан, құрттар көбейіп кетті. Менің балам пневмониямен жиі ауырады. Дәрігерлердің сөзінше егер балам тағы да бір рет сырқаттанса, онда жағдайы күрделене түседі.

РКС: Ал Айнұр Қожахметова Мичурин көшесіндегі 27-ші үйде тұрады. Ол "Көкшетау су арнасы" мекемесіне бірнеше рет шағым түсіріп, арыз жазған. Алайда, бәрі жауапсыз.

СНХ: АЙНҰР ҚОЖАХМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Септиктер көптен бері сорылмаған. Менің соңғы арызымды 4 шілде жаздым. Бірақ, "Көкшетау су арнасы" тарапынан ешқандай шара жоқ. Төтенше қызметінің айтуынша, олар 7-ші шілде де келіп, кәріз құбырларын тазалған. Ал шын мәнінде олар ештеңе тазалаған жоқ. Кәріз құдықтары әлі де сол қалпы толып тұр. Бізге ешқандай жауапты мекеме көмектеспегеннен, өздеріміз құбырларды тазалап көрдік. Біздің құбыр соңғы болғандықтан, ешқандай нәтиже бермеді.

СНХ: ВИТАЛИЙ САБУНЯК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізге 2 ассенизатор көлігін жібереді. Мен оларға айтамын қазір 5 минутта кәріз құбырлары тағы толып қалады деп.

Түрмеден біздің үйге баратын жол толығымен бітеліп қалған. Жолдың үстіне кәріз суы шығып кетті. Біздің үйден көпірінің жанындағы бұрынғы Микоянға қарай кәріз суы кеткен.

РКС: Келіп түскен өтініштердің барлығы бірден өңделеді, - дейді кәріз учаскесінің басшысы.

СНХ: ҚАНАТ МҰХАМАДИ, "КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ" МЕКЕМЕСІ КӘРІЗ УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің арнайы топ IKomek арқылы тиісті шағын ауданына бірден шығады. Олар қоқыстарды алып тастайды. Кейін бірден құбырлардан су өтеді. Мәселені шешкеннен кейін топ басқа учаскіге шығады. Жұмысшыларымыз сағаттап бір жерді қарап отырмайды. Себебі, келіп түсетін өтініштер көп. Бізге күніне 60-тан астам арыз түседі. Мысалы біреу еден жуып жатыр делік. Ол еден суымен бірге шүберекті бірге унитазға лақтырып жібереді. Ал оның салдары кәріз құбырларының бітелуіне әкеледі. Міне, осындай жағдайлардан біздің диспетчерлік қызметке түсетін арыздар көп.

РКС: Тұрғындар қоқысты кәріз құбырларына тастайтын көрінеді. Себебі, кәрізді тазалау кезінде жауапты жұмысшылар жеке гигиеналық заттарды, шүберектерді, тіпті куртка тауып алған жағдайлар болды. Салдарынан, құбырлар бітеліп қалады, - дейді кәріз учаскесінің басшысы. Сондай-ақ, кәріз құбырларының 70 проценттен астамы тозған. Ал, Мичурин көшесі жақын арада толығымен тазартылып, мәселе оң шешімін табады деп сендерді жауапты сала мамандары. Кәріз суларын сорумен қатар, аулаларынды хлорлау қажет. Ал, тұрғындар болса мәселеміз тезірек шешілсе екен деп үміттенуде.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ