ДИКТОР: Мәжіліс депутаттары сайлауалды бағдарламадағы міндеттердің өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылауда ұстайды. Кезекті демалысқа шыққан халық қалаулылары кәсіпорындардың жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді талқылады. Ақмола облысына іс-сапармен келген Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Николай Арсютиннің алдында халықтың көкейінде жатқан өзекті мәселелер көтерілді.

РКС: Қаладан шалғай жатқан елдімекендердің тыныс тіршілігін зерттеп, дамуына сүбелі үлесін қосып келе жатқан «Ауыл» партиясының мүшелері мен жергілікті билік өкілдері, сондай-ақ білім ошағының мамандары және кәсіпкерлер Мәжіліс депутатымен кездесті. Онда шешімін таппай жүрген ауқымды мәселелер қозғалып, талқыланды.

СНХ: ӨМІРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің ауданда Өтеміс деген ауыл бар. Оған автобус қатынамайды. Сол ауылға автобус сұраған едік. Сол мәселе шешілмегеннен кейін. Болмаса қатынап жүрген рельсовый автобус Астана-Ақмол дейтін күніне 3 рет қатынаса да болар еді. Тағы менің көтерген бір мәселем малдарды бағатын жер жетіспейді. Скотомагильник әр жерде оны реттеу керек. Сосын мына интернет кейбір ауылдарда мүлдем жоқ. Депутат бәрін жазып алды, көмектесеміз деді.

РСК: Агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Ақмола өңірі - ел экономикасының өркендеуіне ықпал етіп жатқан алдыңғы қатардағы аймақ. Николай Арсютинмен кездесу барысында өңірдің агроөнеркәсібін арттыру мақсатында өңір ғалымдары ұсыныстарын айтты.

СНХ: ӘБІЛЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Өзіміздің селекция, өзіміздің тұқым өндіру мәселесін көтеру керек. Ол үшін менің ұсынысым мына ғылыми зерттеу институттарына міндетті артыру керек.

РСК: Бұдан бөлек шара барысында жол көлік ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне салынған айыппұлды халықтың қалтасы көтермейтіні туралы сөз қозғалды. Және осыған байланысты заңға қандай да бір өзгерістер енгізуді сұрады.

СНХ: НИКОЛАЙ АРСЮТИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Әріптестеріммен іс-сапар барысында бірнеше өңірдің ахуалымен таныстық. Халықпен кездесіп мәселелерді талқыладық. Одан бөлек, алдыңғы өтініштер бойынша есеп бердік. Халықты толғандырған мал жайылымдары мен органикалық тыңайтқыштарға қатысты мәселелер бойынша мемлекет басшысы қол қойып, заң қабылданған. Тек енді жергілікті билік өкілдері заң бойынша бұл мәселелерді әділетті шешсе, нұр үстіне нұр.

РСК: Айта кетейік, Николай Арсютин бұдан бөлек Қостанай және Петропавл өңірлерінде болған. Жалпы, жыл басынан бері Парламентте 100-ге жуық заң қабылданды. Оның 40-тан астамы халықтың ұсынысы мен өтініштерін ескере отырып жасалған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ