ДИКТОР: Көкшетауда мамырдың 20-сы мен 31-і аралығында «Назар аударыңдар – балалар!» республикалық акциясы өтіп жатыр. Жобаның мақсаты – кәмелет жасына толмағандардың жолдар мен көліктерде жарақаттануының алдын алу. Сонымен бірге көшелер мен жолдарда балалардың қауіпсіздікті сақтауға қатысты дағдыларына үйрету. Жазғы демалыс басталысымен тәртіп сақшылары балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударады. Акция аясында балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Көше-жол желісінің жай-күйіне және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына қосымша тексеру ұйымдастырылды. Білім беру және мектепке дейінгі мекемелерге, сонымен бірге қосымша білім беру ұйымдарына және оларға іргелес орналасқан аумақтарға басымдық берілді. Балаларды лагерьлерге тасымалдауға арналған автобустардың техникалық жай-күйі, қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Ювеналды және әкімшілік полиция қызметкерлері "Жүргізуші, бізге қамқор бол!» профилактикалық акциясын, сабақтар, дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізді. Балаларға жолды қалай қауіпсіз өту керектігі, велосипедпен жүру тәртібі түсіндірілді. Анықтамалық-ақпараттық үнпарақтар таратылды.
СНХ: ҚУАТ ҚАЖЫМОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: «Назар аударыңдар – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шара шеңберінде мектеп және колледж оқушыларымен, жоғары оқу орындарының студенттерімен, сондай-ақ жүргізушілермен, жаяу жүргіншілермен және жол қозғалысының өзге де қатысушыларымен жол-көлік оқиғасын болдырмау туралы профилактикалық әңгімелер өткізілуде. Бұл олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жасмақсатында Бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, көлік құралдарын басқаратын кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында күндіз-түні рейдтік шаралар өткізілді. Мұндай құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырды.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ