ДИКТОР: Жаз мезгілінің келуімен азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмысы да қыза түседі, өйткені, шомылу маусымы басталып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшееді. Соңғы 3 жылда облыс бойынша 51 адам суға кетсе, соның 19ы бала. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары оқыс оқиғаларға жол бермеу мақсатында жыл сайын кешенді шаралар жүргізеді. Биылғы дайындықтары жайлы тілші баяндайды.

РКС: Облыс бойынша 560-тан аса су қоймасы бар. Тұрғындар оларды шомылу үшін және балық аулау үшін пайдаланады. Ал, облыс аумағында жыл сайын 30 жуық адам ажал құшады. Әсіресе, шомылу маусымында төтенше жағдай көп тіркеледі. Олардың алдын алу мақсатында мамандар 4,5 мыңға жуық рейд өткізген. Нәтижесінде, су қоймаларында қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СНХ: ЖАНАТ АСЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Адамдардың су қоймаларында қаза болуының негізгі себептері: өз күштерін бағаламау, мас күйінде суға шомылу, жүзе алмау, батып бара жатқан адамды құтқару кезіндегі оқыс оқиғалар. Алдын алу шараларын тиімді жүргізу мақсатында «Эко парк», «ЖасОтан» сынды үкіметтік емес ұйымдармен, Азаматтық қорғау колледжімен, «Феникс» жастар қанаты және «Жаңа толқын» жастар қанатымен келісім шарт жасадық.

РКС: Өңірдегі өзен-көлдерге жауапты табиғатты пайдаланушыларға қажетті құралдармен жабдықталған құтқару бекеттерін салу жөнінде ұсыныс хаттары жіберілген. Төтенше жағдай жөніндегі департамент мамандары суларда арнайы демалыс орныдарын құру үшін жергілікті атқарушы органдармен әріптестік орнатқан. Одан бөлек, аталмыш салаға бизнес өкілдерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Шомылу маусымы басталғаннан кейін облыс аумағында 15 коммуналдық, 67 жеке меншік жағажай ашу жоспарланып отыр.

СНХ: ЖАНАТ АСЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Жаз мезгілінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент мамандары Қопа, Зеренді, Щучье және Бурабай көлдерінің су аймақтарына күзет орнатады. Қажетті техникалар, жүзу құралдары және сүңгуір жабдықтарының техникалық жағдайы жақсы. Сондай-ақ, Департамент QR-код арқылы жұмыс істейтін жадынаманың жаңа түрін ойлап шығарған. Оған кіру арқылы кез келген адам қауіпсіздік шаралары жайлы роликтер көре алады.

РКС: Қазіргі таңда, облыс аумағында стационарлық 25 бассейн бар. Алдағы уақытта қосымша тағы 10 жақтау-модульдік бассейнін салу көзделіп отыр. Бірінші маусымнан бастап ресми түрде шомылу маусымы басталады. Осыған орай құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қадағалауды сұрайды. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау және, міндетті түрде, құтқару кеудешелерін пайдалану маңызды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ