ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «SOUNDTRACK» атты киноконцерт өтті. Өнерсүйер қауым мәдени шарада әуезді әсем әуеннен сусындап қайтты.

ИНТЕРШУМ: концерттен үзінді

РКС: Жаңартылған концерттік бағдарламаға дайындық қызу болған. Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі тыңдармандар жүрегіне жаңаша жол тапты. Концерт барысында оркестр әйгілі кинофильмдер музыкасын сахна төрінде ерекше орындап, таңғажайып кеш сыйлады. Сахнада оркестрдің қалықтаған әуеніне мың бұрала «Гәкку» би ансамблі өнер көрсетті. Ал, кеш дирижерлері Руслан Қойшыбаев пен Жанат Рашит болды.

СНХ: НҰРГҮЛ ШӘЙКЕНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптары оркестрімен бірге ұйымдастырылған жоба. Әйгілі кинофильмдерден алынған саундтректер тыңдармандардың жүрегінде ерекше орын алары анық. Жаңа жобаны оркестрмен бірге қолға алуды жөн көрдік. Сахнада бұл ерекше әрі қызықты естіледі. Біздің ұлттық аспаптарымыз бұл күні атышулы әуендерге жаңа реңк береді.

РКС: Өнерпаздар әйгілі американдық кинофильмдердің, мультфильмдердің әуендерін ғана емес, қазақтың киноиндустриясының жауһары саналатын «Қыз Жібек», «Көш керуен» фильмдерінің музыкасын да орындады.

ИНТЕРШУМ: «Қыз жібек» кинофильмінің музыкасынан үзінді

РКС: Облыстық филармонияның залы көрерменге лық толы болды. «SOUNDTRACK» концертінің тыңдармандары концерттік бағдарламадан кейінгі алған әсерімен, көңіл-күйімен бөлісті.

СНХ: ӘСЕМ ҚУАНЫШТАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі концерт өте әсерлі болды. Өйткені көптеген кинофильмдерден саундтректерді естіп, шынымен үлкен адамдарға да, жастарға да арналған композициялар ойналды. Әсем әрі керемет туындылар ойналды. Әсіресе маған «Ақсақ құлан» күйі ұнады. Өзім тарихты жақсы көремін. Күй ойналған кезде тарихи фактілер, Шыңғыс хан ойыма келді.

РКС: Бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Өтйкені, музыкада шек жоқ.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ