ДИКТОР: Қазақ археологиясының атасы, тарихшы, этнограф. Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шарада ғалымның археология ғылымына қосқан үлесі мен облыстағы тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды.

РКС: Әлкей Марғұлан бар ғұмырын ғылым жолына арнаған тұлға. 1904 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауылында дүниеге келген. Бұрынғы Ленинградтағы Шығыс институтына оқуға түседі. Ондағы лекцияларды тыңдап, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жан-жақты зерттейді. Жиынға қатысушылар археологтың тарихи жәдігерлерін тілге тиек етті.

СНХ: ЕЛДОС ӘЛКЕЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Әлкей Марғұланның бастамасымен 20 ғасырдың ортасында 40-46 жылдары Әлкей ғылым академиясы құрылғаннан кейін Әлкей Марғұлан үлкен жобаларды қолға алған. Солардың бірі, ең әйгілісі Бейғазы мәдениеті. Қарағанды облысы бойынша бірнеше қорымдарын қазіргі республикалық көлеміндегі ескерткіштер болып табылады. Көптеген орындардың негізін ашушы осы Әлкей Марғұлан болып табылады.

РКС: Әлкей Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет мен металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғылыми-зерттеу жұмысын, 100-ден астам энциклопедиялық мақала жазған. Сондай-ақ, ұстаздық жолында еңбек етіп, қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бірнеше буынын даярлаған. Оның жетекшілігімен 50-ден аса докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Еңбектері шет тілдеріне аударылды. Әлкей Марғұлан – ғалымдар көшін бастағандардың бірі. Таришы-академик Манаш Қозыбаев осылай деген. Сонымен қатар жиында өңірде атқарылған археологиялық жұмыстар турарлы баяндалды.

СНХ: ДАНИЯР ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АРХЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Жақсы ауданында орналасқан Баубек батыр қорымында 3 жыл бойы қазба жұмыстарын жүргіздік. Бірегей ескерткіш. Оны зерттеу бізге Қазақстан тарихының темір дәуірінің жаңа беттерін ашуға мүмкіндік береді.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысы бойынша археологиялық қазба жұмыстарына соңғы 5 жылда 80 млн. теңге бөлінді. 150 жәдігер табылды. Осы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, жоғары деңгейде ұйымдастырамыз.

РКС: Биыл Біржан сал ауданында да археологиялық жұмыстар ұйымдастыру жоспарланған.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ