ДИКТОР: Облыста проблемалық әлеуметтік нысандарды қолдау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұған кешіктірілген тұрғын үйлер мен мектептер құрылысы, инфрақұрылым және сумен жабдықтау жобалары кіреді. Ұзақ мерзімді құрылыс мәселесі халықты алаңдатып отыр. Жалпы өңірде мерзімінен кеш қалған 150-ден астам нысан бар. Бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңес алаңында талқыланды.
РКС: Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыс әкімдігімен бірлесе отырып, «ұзақ мерзімді құрылыс» жоба аясында өңірде 15 проблемалық жағдайды анықтады. Оның 1-і, аз қабатты тұрғын үй кешені өткен жылдың қараша айында пайдалануға берілсе, тағы бірінің жұмысы аяқталды. Қалғандары үшін қолдау жалғасуда. Құрылыстың кешігуінің әртүрлі себептері бар, бұл мердігерлермен және жобаны түзетумен байланысты мәселелер. Құрылыс барысын жеделдету шараларын қабылдау қажет екені атап өтілді.
СНХ: ЖАНАТ ТҰРАЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біз қажетті жұмыстарды тұрақты түрде жүргіземіз. 15 проблемалық бағытта анықтап, олардың шешу жолдарын әзірлеп, мерзімдерін белгіледік. Бүгін облыстық қоғамдық кеңес алаңында осы мәселелер сөз болды. Сұрақтар қойылып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Біздің тарапымыздан қажетті жоба дайындалып, оған бірлесіп қол қойылып, орындау үшін уәкілетті органдарға жіберіледі. Біз өз тарапымыздан бұл жұмысты жалғастырып, жіті қадағалайтын боламыз.
РКС: Жиынның күн тәртібіндегі екінші тақырыбы – даму әлеуеті төмен ауылдарды көршілес елді мекендерге қосу. Елімізде 2700-ге жуық халқы аз ауыл бар. Жиынға Жақсы ауданына қарасты Қазақстан және Қалмақкөл ауылдарының тұрғындары қатысты. Бұл елді мекендерде қалған тұрғындардың саны 50-ге де жетпейді, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш азайып келеді. Заңға сәйкес, олар жойылуы мүмкін.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Халық өзінің наразылығын білдіріп жатыр екен. Халық келіспей жатыр. Халықтың +скл+сөзіне құлақ асатын Үкімет деп айтып жатырмыз. Сондықтан да, халықтың да сөзін тыңдайық. Жер жөнінде айтылып жатыр. Түсініктеме беру керек тиісті органдар. Сондықтан, бұл сұрақты біз кейінге қалдырдық. Өйткені, облыста мұндай ауылдар көп. Бұл сұрақ "Аманат" партиясында қаралған екен. Егер де ондай жағдай туындайтын болса, сол "Аманат" партиясының өкілдерімен бірге Жақсы ауданына шығып, сол жерде көшпелі отырысты өткіземіз.
РКС: Соңғы кездері тек аймақта ғана емес, еліміз бойынша ауыл тұрғындарының қысқару үрдісі байқалуда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы ауылдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, бірақ бұл жоба барлық елді мекенді қамтымайды. Оған ауыл халқының 90 процентке жуығы кіреді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ